03 Ақпан, 2011

Жүлдегер

457 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Шаңғымен тұғырдан секіру Қысқы Азия ойындарында шаң­ғымен тұғырдан секіру бұ­қаралық сипат ала қоймаған спорт түрінің бірі. Оған, сірә, онымен айналысу үшін де арнайы спорт құрылыс нысаны керектігінен шығар. Ондай спорт құрылыстары көп елде тап­шы, тіпті жоқ десе де болады. Біздің елімізде де арнайы шаңғы­мен тұ­ғырдан секіру кешені де осы Қысқы Азия ойындарын өткізуге байла­ныс­ты салынып, пайдалануға берілді. Енді бұл спорт түрінің дамуына елімізде жақсы негіз қаланды деп нық айтуымызға болғандай. Содан да, «ұшатын шаң­ғы­шы­лар» Алматыға көп келе қой­ған жоқ. Жапония, Корея Респуб­лика­сы, Қы­тай сияқты елдерден ғана келсе, оған біздің жігіттеріміз қо­сылды. Бір ж­а­ғы алаң иелері бол­ған­дықтан да ең көбі біздікі болды. Олардың да атын атап кетейік: Радик Жапаров, Николай Карпенко, Алексей Королев, Евгений Левкин, Константин Со­коленко. Оларды елімізде осы спорт түрі қарлығаш­тарының бірі болған Қайрат Биекенов жаттықтырды. Тағы бір атап айтатын жай: спорттың бұл түрі Жапонияда ай­рықша күшті дамыған. Жапон жігіттері әлемдік ауқымда ең мық­ты­лармен иық тірестіріп жү­ре­ді. Биыл­ғы Азия ойындарында да олар сол мықтылығын көрсет­ті. Үл­кен тұғырдан (К125) секіруден олар алтын мен күмісті олжалады. Екі секірудің алғашқысында 124 метрге, екіншісінде 130,5 метрге «ұшқан» Казуя Йошиока 233,1 балл жинап, бірінші орынға шық­ты. Ал Наганодағы Олимпия ойын­дарының чемпионы Казуоши Фунаки одан 16 балл ұтылып, екінші орынға қанағаттанды. Ал оған бар-жоғы 0,6 балл ғана ұтылған біздің Николай Карпенко қола медальді иеленді. Николайдың жеңісі – үл­кен же­тіс­тік. Оңтүстік Корея­ның жігіттері де мұндай медальдан үміткер еді. Алда әлі екі күндік жарыс бар. Кіші тұғырдан (К95) секіру мен командалық жарыста да жігіттеріміз қоржынға олжа салар деп үміттенеміз. Мамадияр ЖАҚЫП. Алматы.