03 Ақпан, 2011

Бетбұрыс

696 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Еліміздегі білім беру са­ла­сының бағыт-бағдарын ай­қын­дайтын  Білім беруді дамы­ту­дың 2011-2020 жылдарға ар­нал­ған мемлекеттік бағдарлама өткен жылы қабылданғаны мә­лім. Бұл өмірлік мәні бар құ­жаттың білім мен ғылым са­ла­сында еңбек етіп жүрген зиялы қауым көңілінен шыққаны анық. Елбасының Жарлығымен жа­рық көрген жаңа бағдарлама оқымыстылардың, жоғары оқу орындары профессор-оқытушы құрамы мен мектеп ұстаз­дары­ның тарапынан талқыдан өтті. Сан алуан ұсыныс-пікірлер екшеленіп, ескерілді. Бүгінгі таңда білім мем­ле­кеттің әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуының, сондай-ақ ин­но­вациялық жүйе мен адами капиталдың басты факторына айналғанын өмірдің өзі дә­лелдеп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың ғылым мен инновацияның екінші орынға қойған ел, ешқашан ешбір салада бірінші орынға көтеріле ал­май­тындығы туралы қағи­да­сын басшылыққа алған бағ­дарламаның өн бойынан отандық білімді дамытудың өркениетті жолдарын байқаймыз. Мемлекеттік бағдарламаны те­рең талдап қараған адам білім беудің барлық саласында, атап айтқанда, мектепке дейінгі дең­гей­ден бастап, жоғары оқу ор­ны­нан кейінгі аралыққа дейін білім беру жүйесінің жетілдірілетіндігіне көз жеткізе алады әрі осы бағдарламаның шынайылығына шын­дап сенеді. Жаңа бағдарламаның мектепке дейінгі және орта білім беру деңгейіндегі атқарылатын мін­дет­терінің бірі 12 жылдық білімге толығымен көшуді қамта­ма­сыз ету болып табылады. Бұ­ған дейін де талай-талай пікір­та­ластың үлесінде болған бұл мәселе жөнінде Елбасы Н.Назарбаев министрлікке нақты тап­сыр­ма беріп, 12 жылдыққа кө­шуді тап­сырған болатын. Біздің ойы­мыз­ша, ендігі жерде «әрі тарт та бері тартты» қойып, күр­меуі қиын күрделі мәселені ше­шу­дің қи­сы­ны келіп тұрғанын баса айт­қымыз келеді. Аталған деңгейлер жүйесінде жемісті еңбектің жетістігін көр­гіміз келсе, ең ал­ды­мен кадр мәселесін реттеп алуы­мыз керек. Осыған байла­ныс­ты төмен­дегі ойымызды жеткізсек дейміз. Кезінде еліміздегі кадрлар тапшылығын шешу мақсатында Үкіметтің шешімімен еліміздің бес өңірінде ашылған педаго­гикалық институттардың атқа­рар мақсат-міндеттерін қайта бір пысықтау керек. Өйткені, жергілікті жердегі жетекші уни­верситеттердің көлеңкесінде қа­лып қойып, кейбір маман­дық­тарды даярлауды қайталау өріс алып отыр. Біздің пікірімізше, жаңа бағдарлама аясында ат­қарылар іс-шаралар жоспа­рына аталған педагогикалық институттарда мектепке дейінгі және 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуге қажетті ма­ман­дардың, яғни жаңа тұрпат­тағы педагог кадрлар дайын­дауды міндеттеу керек. Сондай-ақ, педагог кадрлардың біліктілігін арттыратын арнайы курс­тар мен семинарлар ұйым­дастыру педагогикалық жоғары оқу орындарының құзырына берілу керек. Сонда ғана педа­гогикалық ортада көкейкесті мәселелер қатарында көтеріліп  жүрген «педагогтардың құзы­реттілігін» арттыра алар едік. Педагогикалық институттардың әлеуетін әлеуметтік істерге ба­ғыттайтын уақыт келді.  Жаңа бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері ретінде жергілікті билікке бағынатын білім ошақ­тары мен орталық атқарушы биліктің құзырындағы педа­го­ги­калық институттардың іс-қимыл жоспарларының бірлесіп, келісіліп, түзілуін мықтап қадағалаған жөн. Педагогикалық кадрларды дайындау ісінде де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жаңа ережелер қабылдануы керек. Атап айтқанда, жоғары оқу орын­да­рында педагогикалық маман­дық­тар бойынша маман дайын­дау тек қана күндізгі оқу жүйе­сі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Айрықша жағдай ретінде, мектептерде ұзақ жылдар ұста­з­дық етіп жүрген тәжірибисі мол, белгілі себептермен жоға­ры білім ала алмаған, орта ар­наулы білім ордаларын тәмам­да­ған тал­ғампаз тәлімгерлерді ғана қа­был­дауға рұқсат етілуі тиіс. Тек ос­ындай жолмен ғана ұстаздар­дың абы­ройын артты­ра аларымыз анық. Техникалық және кәсіптік білім деңгейіне байланысты да жа­ңа бағдарламада үлкен міндеттер қойылған. Жұмысшы кадрлар даярлауда жұмыс берушілермен бірлесе атқарылатын бірың­ғай іс-ша­ралар көзделген. Мыса­лы, бітіру­ші­лердің білімі мен білігін ай­қын­дау үшін біліктілік жүйесі ен­гізілмекші. Біліктілікті айқын­дай­тын комиссия құрамына оқу ор­нының қызметкерлерінен басқа, жұмыс берушілер мен мемлекеттік емес мекемелердің өкіл­дері кіретін болады. Маманның шын мә­нінде қай деңгейде дай­ын­дал­ға­нын айқындап, куәлік беретін алқалы органның жауапкершілігі де арт­пақ. Міне, бұл да бағдар­ла­маның бағасын арттыра түсетін тұстар. Әрбір елдің әлеуеті әл-ауқаты­ның мықтылығымен емес, ақыл-ой, парасатымен пайымдалатыны бесенеден белгілі. Олай болса, жаңа бағдарламадағы жаңа бағыт­тардың бірі ретінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім дең­гей­інде атқарылған, жетілдіре түсетін тұстарға тоқталып өтейік. Біріншіден, білім мен ғылымды қатар ұс­та­ған жоғары оқу орын­дарының жауапкершілігі артты­ры­лады. Олар ат­қарып отырған қызметтеріне сәй­кес ұлттық университет, ұлттық зерттеу университеті, университет, академия және институт мәртебе­лерін иеленіп, халыққа білім беру қыз­меті нақтыланатын болады. Олар­дың даму стратегиясын, қар­жылық, ма­териалдық базасын жетілдіру же­лісін бақылап отыратын тәуел­сіз қамқоршылар  кеңесі құ­ры­ла­ды. Жо­­ғары оқу орнындағы бар­­лық қызмет түріне, тіпті, рек­тор­лардың атқарып отырған ең­бегіне баға беріп, олар­дың есебін тың­дап отыру және қызметке сәй­кес­тігін айқындайтын құқық беріледі. Бұл, әрине, әлемдік тәжі­рбиеде әбден лайықты орын алған жүйе. Ол университеттердің қыз­метін оңтайландыруда оңды нә­ти­же береді деген сенімдеміз. Сондай-ақ, мемлекеттік бағ­дар­ламада университеттерге автономия беру мәселесі қарасты­рыл­ған. Мұндай мүмкіншілікті ең ал­дымен еліміздің ең таңдаулы ұлт­тық университеттері  алуы тиіс. Жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапа­сы аккредиттеу жүйесі арқылы жүр­гізіледі. Әр­бір талапкер елі­міз­­дің жоғары оқу орындарының рейтингілік ба­ға­сын ақпарат ар­на­­ла­ры­нан еркін алу мүмкін­ді­гі­не ие болады. Әрине, мұндай жағ­дайда әрбір университет өзде­рі­не студенттер тарту үшін сапа менеджментін игеруге мәжбүр болады. Бағдарламадағы негізгі ба­ғыт­тардың бірі – ұстаздардың мәр­тебесін арттыру. Олардың қа­та­рына жалақы төлеудің жаңа тетіктерін енгізу, әлемге әйгілі уни­верситеттерде, ғылыми-пе­да­­го­ги­ка­лық орталықтарда тә­лім­гер­ліктен өт­кізу, үздіксіз білім алу мүмкін­дігімен қамта­ма­сыз ету жүзеге аса­ды. Түптеп келгенде, педагог кадрлар қата­рын жас мамандармен толық­ты­руға толық мүмкін­дік беретін жаңаша көз­қа­рас қа­лыптасады. Жалпы, әлемдік білім кеңіс­ті­гінен отандық біліміміздің өз­ін­дік орнын алу үшін қажетті жағдайлар жаңа мемлекеттік бағ­дарламада жан-жақты қа­расты­рылған деуге болады. Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, профессор.