Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» интеллектуалдық пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Алаш айтқан асыл сөз» атты кітаптың беташар рәсімі болды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің – 25, Алашорда үкіметінің 150 жылдығына арналған айтулы жобаның авторы, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Берік Уәли рухани шараға жиналған зиялы қауым өкілдеріне өзінің ризашылығын білдіріп, журналист Серік Жолдасбай тарихшы Еркін Ерланұлы секілді ұлтжанды серіктерімен бірлесіп атқарған іргелі істерінің барысын баяндап берді.
– Алаш қайраткерлерінің артында қалған асыл сөздерді жинақтауды арнайы қолға алдық. Әрине, олардың аузынан шыққан ақыл-нақылдардың бәрін бірдей көзінен тізіп, көгендей алмағанымыз анық. Әйтсе де қолда бар қорды қайта бір қарап, тұғыры биік тұлғаларымыздың елдік мәселелерді екшеген мәйекті пікірлерін ұсынуға тырыстық, – деді ол отырғандарға ой тастап.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай біздің кейбір атқамінер азаматтарымыз үлкен мінбелерден сөйлегенде дәйексөздерді көбінесе шетелдік саясат серкелерінің еңбектерінен келтіретінін, ал ұлтты ұйытар ұлы ойлар кешегі Алаш кемеңгерлерінің шығармаларында тұнып тұрғанын естеріне ала бермейтіндеріне қынжылатынын айтты.
Филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев болса, Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған жақсыларымыз бен жайсаңдарымыз қолдарына қалам ұстағанда ең алдымен халқының қажетіне жарар дүниелерді жазғанын, сондықтан да олардың айтқандары уақыт уытына бой алдырмайтынын атап өтті.
Белгілі тіл маманы, профессор Шерубай Құрманбайұлы ел-жұртына жан-жүрегімен қызмет етудің үлгісін көрсеткен асыл ағаларымыздың афоризмдері оқырман олжасына айналғанын жақсылық жоралғысына балап, оның ендігі жерде өрелі өрендеріміздің үстелүсті кітабы болатынынан үміттенетінін жеткізді.
Кітапқа ұзын-ырғасы 25 Алаш қайраткерінің күні бүгінге дейін мәнін жоймаған мақал-мәтелге бергісіз есті сөздері енгізіліпті. Оларды оқи отырып, сіз бен біздің де ой-өрісіміз біраз биіктерді шарлап қайтарына еш күмәніңіз болмасын.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50
Тағзым • Бүгін, 08:48
Норвегия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Футбол • Бүгін, 08:47
Таным • Бүгін, 08:45
Таразды гүлдендірген «Жасыл ел»
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Әдебиетімізді әлемге қалай танытамыз?
Әдебиет • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:38
Жаңбыр, найзағай және аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:35