Бүгінде әлеуметтік желілерді аялдамада үйездеп тұрған бір үйір жылқының суреті кезіп жүр. Бір қарағанда, мұныңыз – сапарларға жиі шығып жүрген қазақстандықтардың күнделікті өмірде жиі куә болып жүрген көріністерінің бірі ғана. Дегенмен, мәселе бұл суретті кімнің түсіріп, желіге жүктегенінде болып тұр.
Бақсақ, бұл суреттің авторы Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браун екен. Жалпы, жеке блог жүргізіп, онда өзінің оқырмандарына қазақ тілінде үн қатып отыру елші ханымның сүйікті істерінің бірі болса керек. Сонымен қатар, ресми тұлға блогқа бейнекөріністер мен фотосуреттер салып, біздің ел туралы өзінің көріп-білгендерін жазып отыруды да әдетке айналдырған.
Таяуда Кэролин Браун Арқаның ұшқан құстың қанаты талатын даласын көктей өтетін күрежолдың бойындағы автобус аялдамасында көлеңкелеп тұрған жылқыларды фотоға түсіріп алып, facebook әлеуметтік желісінде біздің елдегі Ұлыбритания дипломатиялық өкілдігінің ресми аккаунтына жариялаған. Елші ханым суреттің астына «Автобус күткен «арғымақтар» деп әзілдей ат қойып, жазба қалдырыпты.
Желі қолданушылар бұл суреттегі аялдаманы бірден таныған. Ол – Ұлытау ауданындағы Жезді елді мекеніне кіреберістегі автобус аялдамасы екен. Интернетті кезіп кеткен суретке қазақстандықтар ғана емес, ұлыбританиялық азаматтар да пікір білдіріп, елші ханымның әзіліне қалжыңмен үн қосқан.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50
Тағзым • Бүгін, 08:48
Норвегия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Футбол • Бүгін, 08:47
Таным • Бүгін, 08:45
Таразды гүлдендірген «Жасыл ел»
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Әдебиетімізді әлемге қалай танытамыз?
Әдебиет • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:38
Жаңбыр, найзағай және аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:35