www.newyorker.com
Washington Post газеті Еуроодақ елдері қатарындағы енді одан шығудың тәуекелі жоғары 5 ықтимал мемлекеттің аттарын атады. Басылымның жазуынша, Brexit Еуропа бірлестігіндегі тағы да бірқатар елдердің шешуші қадамға баруларына апарып соқтырулары мүмкін. Америка баспасөзі Brexit Еуроодаққа ететін әсерлері қандай болуы мүмкін екеніне талдау жасайды. Бірақатар сарапшылар мұның бірлестік ыдырауының басуы болатынын болжайды. Осыған орай келесі кезекте осындай қадамға баратын елдердің кімдер болатынын атап өтеді. Басылым алдыңғы 5 елдің көшін Швеция бастайды деген сенімде. Өзін «Ұлыбританияның скандинав үлгісіндегі эквиваленті» санайтын елдің одақтан шыққысы келіп жүргеніне біраз болды. Шведтер қашаннан тәуелсіздікті қалайды. Олар сондықтан, мысалы, еуроға көшуден бас тартты. Мұндағы халықтың басым бөлігінің көзқарастары британиялықтар ойларымен үндеседі. Тәуекелдің қайығына мінгелі тұрған елдердің екіншісі – Дания. Ол өткен жылғы референдумында Брюссельге берілетін құқықтар қатарын кемітіп тастаған. Даттар сондай-ақ өздерінің шағын жерлеріне мигранттардың қаптап келулеріне үзілді-кесілді қарсы. Бұдан әрі тізімге Грекия келеді. Қазір терең дағдарыс жағдайында отырған елді ЕО-мен байланыстырып тұрған жалғыз жалғау оның бұл жақтан көмекке ақша алуға мәжбүрлігі ғана болып тұр. Еуроодақтың қабырғасын қақыратуға Венгрия да дайын. Оның премьері Виктор Орбан өзінің Брюссельге тәуелсіз емес екенін көрсетуге құмар. Бұл ел де референдум өткізу туралы сөз қозғап қалды. Ақыр соңында – Франция. Бұл ЕО-ға тиген ең ауыр соққы болар еді. Одақтың үш китінің бірі саналып келген мемлекет кете қалса, бір өзіне Ұлыбритания мен Францияның орнын жабуға тура келетін Германияға тіпті қиын болады. Ал қазіргі сауалнамалар дерегіне сенсек, ел жұртының 61 апйызы Еуроодақ ұстанып отырған саясатқа разы емес. Әсіресе, ел қиын экономикалық жағдайда отырған бүгінгі күні бұл анық байқалады. Оңшылдар партиясының лидері Марин Ле Пен Британия шешіміне қатты қуанғандардың бірі болды. Ол өз елінде де Brexit өткізуді ұсынып отыр. Француз депутаты Еуроодақты қайта құруды, оған Ресейді кіргізуді ұсынуда. Мұрат АЙТҚОЖА.Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше