Алматы облысында туризм саласын дамыту мақсатында Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында 50 жолаушыға қызмет көрсететін аэровокзал салу үшін жер телімі бекітіліп, жобалық сметалық құжаттары дайындалды.
Жалпы, Алакөл жағалауына 3,1 млрд. теңгенің инвестициясы тартылып, 1200 орынды 3 демалыс кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Өткен жылы көл жағалауындағы 102 демалыс орнында 144 000 адам демалып, оларға 612 млн. теңгенің қызметі көрсетілген еді. Биыл тағы 26 демалыс орнын іске қосу жоспарланып, 220 мың адам келеді деп күтілуде. Демалыс үйлерінің құны 3500-6500 теңге көлемінде болады. Заман талабына сай салынған орындар 11000-60000 теңгеге дейін бағаланып отыр.
Алакөлге әуе жолынан бөлек, теміржол, автомобиль жолы да бар. Көлік қолжетімділігімен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жазғы демалыс маусымында «Алматы-Достық» бағытында жүретін туристік пойызы аптасына 3 рет қатынайды. Ал «Алматы-Үшарал-Ақши-Көктұма» маршруты бойынша күніне 5 автобус жолаушыларды тасымалдайды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысы,
Алакөл ауданы

«Ақ жол» партиясында – жаңа төраға
Партия • Бүгін, 08:05
Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады
Қоғам • Бүгін, 08:00
Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған алаң
Көрме • Бүгін, 08:00
Партия • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Цифрландыру үдерісін жоғары бағалады
Саясат • Бүгін, 07:45
ЖИ саласындағы байланыс беки түседі
Саясат • Бүгін, 07:40
Сауд Арабиясы - Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды
Спорт • Бүгін, 05:00
Белгьгия мен Мысыр тең тарқасты
Спорт • Бүгін, 02:10
Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше