аймақтарды аралап кетті
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай еліміз бойынша «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мәдени тур бастау алды. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырып отырған мәдени саяхат алдымен Орал қаласына табан тіреді. Оралдық көрермендер Ұлттық музейдің ең құнды мұрасының бірі – «Алтын адам» жәдігерін тамашалап, арнайы бағдарламаның куәсі болды.
«Алтын адам» – халқымыздың ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Атаулы жоба аясында қала жұртшылығы мен қонақтары тек музей төрінде ғана тұратын құнды жәдігермен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тамашалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл мирас өнерсүйер қауымның ерекше қызығушылығын тудырды. Астаналық музейді араламағандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» таныстыру бейнеролигі жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 3D технологиясы арқылы музейдің әр залы жеке-жеке таныстырылды. Шараға облыс әкімдігінің өкілдері мен өзге де салалардан қонақтар қатысты. Тәуелсіз Қазақстанның брэндіне айналған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныстырылмақ. Көрмені тамашалау тегін жүргізіледі.
Бұдан әрі көрме Ақтөбе қаласында жалғасады.
«Егемен-ақпарат»

«Ақ жол» партиясында – жаңа төраға
Партия • Бүгін, 08:05
Бүгін 10 облыста аптап ыстық болады
Қоғам • Бүгін, 08:00
Дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған алаң
Көрме • Бүгін, 08:00
Партия • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Цифрландыру үдерісін жоғары бағалады
Саясат • Бүгін, 07:45
ЖИ саласындағы байланыс беки түседі
Саясат • Бүгін, 07:40
Сауд Арабиясы - Уругвай: H тобындағы ойын тең аяқталды
Спорт • Бүгін, 05:00
Белгьгия мен Мысыр тең тарқасты
Спорт • Бүгін, 02:10
Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше