ЕЛІМІЗ ЗАҢ ШЫҒАРУ ОРГАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты
Еліміздің тәуелсіздігі жылдарында Қазақстан парламентаризмі уақыт сынынан сүрінбей өтті. Жаңа үлгідегі Парламенттің қалыптасуы, оның қоғамдағы рөлі мен беделінің нығая түсуі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Конституциямызда атап көрсетілгендей, республикада мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге ел Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Негізгі принциптер: ол – қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, еліміздегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Парламент – еліміздің заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңмен белгіленген. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палата, яғни Сенат және Мәжілістен тұрады. Қазақстан Республикасы азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Парламент республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Қазақстандық парламентаризмнің тарихы сонау ғасырлар қойнауына кетеді. Заң шығарудың бұл заманауи үрдісі еркін әрі тәуелсіз Қазақстан Республикасында ғана өзінің шынайы өркенді өрісін тауып отыр. Депутаттары тұрақты негізде қызмет атқарған елдің алғашқы кәсіби Парламенті – он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес, ол 1994 жылғы сәуірден бастап 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеді. Бұл органға депутаттардың сайлануы республикада көп партиялықтың қалыптасуына ықпал етті. Қазақстанның тарихында алғаш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тетіктеріне қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру мен қабылдауға ықпал ету мүмкіндігін иеленді. 1995 жылғы 30 тамыздағы референдум қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды, ол Парламентті Сенат пен Мәжілістен тұратын ең жоғарғы орган ретінде айқындап берді. Бірінші сайланған Парламент 1996 – 1999 жылдар аралығында жұмыс істеді. Осы мерзім ішінде өтпелі кезеңнің күрделі жағдайларында экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемаларды шешуді қамтамасыз еткен аса маңызды заңдар қабылданды. Парламенттің екінші сайланымының жұмысы 1999 – 2004 жылдар аралығын қамтиды, бұл ретте 1999 жылы ел Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Мәжіліске сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өткізілді, ол партияларға барабар өкілдік ету негізінде партиялық тізімдер бойынша сайлану құқығын берді. Сайлауға он саяси партия қатысты. Үшінші сайланған Парламент 2004 – 2007 жылдар аралығында жұмыс істеді. Үшінші сайланған Парламент Мәжілісіне сайлау 2004 жылғы қыркүйекте өтті, оған 12 саяси партия қатысты, оның төртеуі екі сайлау блогының құрамында болды. 2007 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістер еліміздің саяси жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі ретінде көрінді. Қазақстан Парламентінің рөлі мен функциясы өзгерді. Президенттік басқару нысанынан президенттік-парламенттік басқару нысанына ауысуға демократиялық қадам жасалды. Конституциядағы көптеген жаңалықтар Парламент Мәжілісін заң шығару қызметінің жаңа деңгейіне көтерді. Осылайша Мәжілістің бір партиялы палата болмауына мүмкіндік берді. Үкімет, Парламент депутаттары және Президент бастамашы болған заң жобаларын Мәжіліс бірінші болып талқылайды. Заң жобаларын талқылауға қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар тартылады. Парламент Мәжілісі жанында Қоғамдық палата жұмыс істейді. Оның жұмысы Мәжілістің заң шығару қызметіне сараптама жасап, кеңес беріп, көмектеседі. Бұған қоса, қоғамдық құрылымдардан және үкіметтік емес ұйымдардан, сондай-ақ ғылыми бірлестіктерден тұратын Палата мүшелері әзірлеген қорытындылар мен ұсыныстар заң шығару қызметінде пайдаланылады. Төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесімін. Бұл комитетте негізінен халықаралық маңызы зор құжаттар талқылаудан өтеді және палатаның қарауына ұсынылады. Үшінші сессияда (2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2010 жылдың маусымына дейін) 47 заң жобасы қабылданып, ол заңдарға Қазақстан Президенті қол қойып, күшіне енді. Ал төртінші сессия барысында, яғни 2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 21 қаңтарына дейінгі аралықта Елбасы Парламент қабылдаған 26 заңға қол қойды.Наталья ГЕЛЛЕРТ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.
* * *
ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ КӘСІБИ АРМИЯ –
тек қару мен әскери техниканы жетілдіру ғана емес
Жақында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков басшылық ететін Қорғаныс ведомствосы жетекшілерінің Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков бастаған Парламент Мәжілісі депутаттарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков депутаттарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму барысымен таныстырып, еліміздің парламентарийлерімен мұндай кездесулер өткізу жағымды дәстүрге айналғандығын тілге тиек етті. Қорғаныс ведомствосының басшылығы комитет депутаттарымен бірігіп, Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін көтеруге байланысты және әскери қызмет пен әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңды жетілдіру жөніндегі бірқатар мәселелерді қарастырып, талқылады. Қорғаныс ведомствосының басшысы өз сөзінде заманауи армия құру – бұл тек техника мен қару-жарақты жетілдіру ғана емес, ол бірінші кезекте кәсіби армияның негізі – әскери мамандардың жаңа толқынын тәрбиелеу, кадр қуатын жетілдірудің ажырамас бөлігі саналатын әскери қызметтің беделін арттыру, сонымен бірге, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін көтеру екендігін атап көрсетті. Қорғаныс ведомствосының басшылығы мен Мәжіліс депутаттары кездесуге қорытынды жасай отырып, Қазақстан армиясын одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарлы шараларды жүзеге асыру сапалы өзгерістерге қол жеткізетіндігін және ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыру талаптарын орындауға мүмкіндік беретіндігін атады. Оксана ПАРПУРА. Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ._______________________________________________
Талқылау тағылымы
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңес «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі: қазіргі жай-күйі және дамуы» деген тақырыпта отырыс өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Отырыста Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова сөз сөйледі. Басқосуға палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева қатысты. Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің мүшесі Ольга Киколенко пікір білдірді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1998 жылы реформаланып, жұмысын бастаған. Соның нәтижесінде Қазақстанда зейнетақылық үш жүйе қалыптасты. Біріншісі – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық ынтымақтастық жүйеге енген зейнеткерлер, екіншісі – 1998 жылдың 1 қаңтарынан зейнетке шыққан аралас жүйеге енгізілген зейнеткерлер, үшіншісі – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі болмаған жинақтаушы жүйеге жататын зейнеткерлер. Енді әрбір жұмыскер өз келешегіне өзі зейнетақы жинайды. Зейнетақысының көлемі де сол жинаған қаржысына байланысты болмақшы. Елімізде 1,6 миллион зейнеткер зейнетақы алып отыр. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға қырықтан астам түзету енгізілген. Бүгінде 13 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Отырыста аталған мәселеге байланысты Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрайымының орынбасары Мұрат Байсынов «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жай-күйі» туралы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпова «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту» деген тақырыптарда баяндама жасады. Сондай-ақ отырыста «Мемлекеттік аннуитет компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Әлімұхамбетов «Мемлекеттік аннуитет компаниясы мысалында зейнетақы және аннуитеттік сақтандыру мәселелері мен перспективалары» және «Мемлекеттік аннуитет компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ тұсаукесерін өткізді. Отырысқа шақырылған аталған проблемаға мүдделі министрліктер, ведомстволар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жай-күйі және дамуы туралы ойларын ортаға салып, оларды шешу жолдарын талқылады. Басқосу қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.* * *
Іскерлік іссапарларыИСЛАМ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛЫНДА
Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер Парламенттік одағы Кеңесінің 13-сессиясында және жақында Абу Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) болған конференцияның 2-ші кезектен тыс сессиясында парламентаралық үнқатысуды одан әрі дамыту, исламнан үрейлену көріністерімен күресті күшейтудегі ынтымақтастық, өркениетті исламның идеяларын ілгерілету мәселелері талқыланды. Форум жұмысына Қазақстан Парламентінің депутаттары Орынбай Рахманбердиев пен Азамат Тұрсынов қатысты. Конференция аясында Қазақстан парламентшілері БАӘ Федералды Ұлттық жиналысының төрағасы Абдул Азиз әл-Гурейрбен кездесті, онда халықаралық аренадағы Қазақстанның маңызды рөлі атап өтілді және біздің еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымына табысты төрағалық ететініне сенім білдірілді. Кездесу барысында Қазақстан Парламентінің депутаттары биылғы маусымда Астанада жетінші Әлемдік экономикалық ислам форумы өтетіні туралы БАӘ Федералды Ұлттық жиналысы басшысын хабардар етті. Алдағы форум Ислам Конференциясы Ұйымына қатысушы мемлекеттердің табысты ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін беретін болады. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстар маңызды бағыты болып табылатын екіжақты қатынастарды дамытуға және нығайтуға әзірлігін білдірді. Атап айтқанда, ҚР Парламенті мен БАӘ Федералды Ұлттық жиналысының биылғы жылы делегация сапарларын алмасуын ұйымдастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.* * *
Әттеген-ай!БАЛАЛАР КӨЗАЙЫМЫН КӨП КӨРГЕНІ МЕ?
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық филиалы ұсынған кестеге сәйкес, 2010 жылғы желтоқсанда Қарағанды облысының сайлаушыларымен кездесуім барысында «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өткізілген қалалық Балалар мен жасөспірімдер сарайына бардым. Ұжыммен кездесу кезінде ұстаздар қалалық әкімдіктің шешімі бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебіне берілген Балалар мен жасөспірімдер сарайының спорт залына қатысты даулы мәселені шешуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Ұстаздардың айтуынша, осы шешім сарайдың ұстаздар ұжымының келісімінсіз қабылданған және бүгінгі күні сарай және спорт мектебі ұжымдарының арасында даулы жағдай қалыптасқан. Балалар мен жасөспірімдер мектебінде спортпен балалар емес, үлкендер айналысады екен. Сарай үйірмелерінде айналысатын балалардың ақының қымбаттығына байланысты спорт залына баруға мүмкіндіктері жоқтығы да айтылды. Сондай-ақ, спорт мектебінің басшылығы сараймен қабырғасы ортақ сауна салған, ол сарай қабырғаларының ылғалдануына әкеліп соқтыруда көрінеді. Және де ұстаздар қауымы спорт мектебінің басшылығы және келушілер тарапынан дөрекілікке ұрынуда екен. Жоғарыда айтылғандарға байланысты Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов осы даулы мәселені оң шешіп береді деп сенеміз. Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты.