05 Ақпан, 2011

«Ел ертеңі өз қолымызда»

582 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Жұртшылықты жігерлендіретін Жолдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын солтүстікқазақ­стан­дық­тар да зор ыждағаттылықпен қабыл алып, оны еліміздің алдағы онжылдықтағы даму жолдарын нақтылап берген тарихи құжат ретінде бағалауда. Біз Қызылжар өңірінің сыйлы азамат­та­рының бірі Жамбыл ТАСЕМЕНОВКЕ жолығып, Жолдау жайлы ой-пайымдарын тыңдағанда ол сөзін былай бастады: – Мен Президенттің Жол­дау­ларын әркез үлкен әсермен тыңдаймын. Осы жолы да көп ой салды. Толағай табыс­та­ры­мыз­дың, алар асуларымыздың орасан екенін ұқтырып, көңіл­ге түйіп берді. Дұрыс шешімдер қабылдау арқасында дағ­да­рыс кезеңінен қиналмай өт­тік. Ендігі мақсат – 2020 жылы бә­се­кеге қа­білетті 50 елдің қа­та­ры­на жету. Оның бірден-бір ке­пілі – дұрыс стратегиялық ше­­шім­­дердің қа­былдануы, эко­но­ми­калық өрлеу­ді қамта­ма­сыз ету, ел-жұр­ты­мыздың аман­­ды­ғы мен тыныш­тығы. Тарихи құжат алдағы он­жыл­дық міндеттерді түсіндіріп, іске асы­руға жұртшылықты жұ­мыл­ды­руға үлкен серпін берері сөзсіз. – Жолдау несімен ерекшеленді деп ойлайсыз? – Тәуелсіздік орныққаннан бері еліміздің қол жеткізген та­быс­тары бәріміздің көз алды­мызда. Аз ғана уақыттың ішінде әлем таныған қуатты да іргелі мемлекетке айналып, дамудың даң­ғыл жолына түстік. «Қазақ­стан – 2030» даму стратегиясының жоспарына сәйкес алғашқы он­жылдықта белгіленген міндеттер ойдағыдай шешілді. Енді, міне, тағы бір күрделі кезең баста­луына орай Президент кезекті Жолдауын жариялап, даму стра­те­гиясын орындаудың заңды жал­ғасы ретінде қарастырды деп есеп­теймін. Былайша айтқанда, Қазақстанның болашақтағы тағ­дыр-талайы келесі онжылдықта атқарылатын серпінді де әлеуетті дамуға байланысты екенін Президент тамыршыдай дөп басты. Жолдауда адам жанын сүй­сін­тетін, екпінді еңбек етуге жігерлендіретін жәйттер көп-ақ. Мә­селен, әлеуметтік салаларды жаң­ғыр­туға байланысты мемлекет та­рапынан атқарылатын бағ­дарла­малар жаңашылдығымен ер­ек­ше­ленеді. Халықтың әл-әу­қаты мен тұрмыс-тіршілігін одан әрі жақ­сар­туға бағытталған іс-шаралар да ірі мақсаттарды көз­дейді. Бала туудың – 25, табиғи өсімнің 11,7 пайызға артуы, өл­ім-жітімнің 11 пайызға азаюы ат­қарылған ша­руа­лардың жемісті болғанын көр­сетсе, алдағы міндеттер тіпті ұл­ан-ғайыр. Ендігі мақсат – өмір сүру ұзақтығын 2015 жылы – 70, 2020 жылы 72 жасқа жеткізу. Демек, адам ден­саулығын қорғаудан асқан мәр­тебе жоқ деген сөз. Осыдан 8 жыл бұрын Елба­сы­ның тікелей қолдауымен «Ау­ыз су» бағдарламасы қолға ал­ын­ғанын, содан бері көптеген түй­інді мәселелердің шешілгенін ауылдықтар жақсы біледі. Жолдауда қалалық және елді мекендерді сапалы ауыз сумен жаб­дық­тау жайының кеңінен қам­тыл­ғаны қуантады. Алда жер асты су көздерін кеңінен пайдалану, сөйтіп, алдағы онжыл­дық­та елді мекендердің 80 пайызына таза су жеткізу міндеттері тұр. Елбасы «Жол картасы» жос­па­ры бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық са­ласындағы кең ауқымды жаңғыр­туларды одан әрі жалғастыру үшін Үкіметке бірқатар тапсыр­малар берді. Әрине, бұл бағытта көп жұмыстар тындырылды. Елі­міз бойынша тұрғын үй қо­ры­ның 30 миллион шаршы метр­ге өсуі көп жайдан хабар берсе керек. Талайдан бері қордаланып қалған проблемалардың жергілікті жерлерде де орын алғанын байқау қиын емес. Петропавл қа­ласындағы бір мыңға жуық көп қабатты үйлердің 30 пайыздайы күрделі жөндеуді қажет етеді. Орасан қаржыны қажет ететін мәселені пәтер иелері кооперативтері шешуге қауқарсыз. Тұр­ғын үйлер қорының көбі тозған, ескірген. Жолдауда бұл салаға үлкен көңіл бөлініп, «Жол кар­тасы» шеңберінде он мың жұ­мыс орнын ашуға қауқарымыз жететіні айтылған. Сөйтіп, ішкі резервтер мен қосымша мүмкін­діктерді тиімді пайдалана білу арқылы талай іс тындыруға бо­латыны көкейімізге қонады. – Жолдауда қамтылған мә­се­лелер ішінен өзіңізді алабө­тен толғандырғаны, ерекше ой салғаны бар ма? – Мен көп жыл спорт са­ла­сында басшылық жұмыстар ат­қар­дым. Қазір балалар және жас­өспірімдер спорт мектебінде жас балғындарды белбеу күресіне жат­тықтырамын. Саналы ғұмырым жас ұрпақпен біте қайнасып кеткен. Алайда, болашағымыздың ертеңі саналатын жас буынның тәлім-тәрбиесіне қатысты мәсе­лелер көп. Шыны керек, мені жастарымыздың Батысқа көп ел­іктейтіні, өзгенің қаңсығын таң­сық ретінде қабылдап, талғам­ның жоғалып бара жатқаны, ұлт­тық құндылықтарымызға деген бойкүйездігі толғандырады. Он­ың бір ұшығы жұмыс­сыз­дық­қа келіп тіреледі. Бүгінгі күні ауыл­дықтарды тұрақты жұмыс жайы көбірек қинайтыны жасырын ем­ес. Жолдауда ауылдық аумақтар­ды дамытудың жолдары қарас­тырылып, ұсақ шаруашылық­тар­ға, уақытша жұмыс істейтіндерге, мүгедек жандарға шағын несиелер беру арқылы пайдалы жұ­мысқа тарту, әлеуметтік қол­дау жайы нақты көрініс тапқан. Олар осылай мемлекет қостауы­на ие болса, қоғамға қажетті­ліктерін сезіне түсер еді. Жолдауда мемлекеттік тіл мәр­тебесін одан әрі нығайтудың мәр­тебелі міндеттерінің белгіленгені көңілге сенім ұялатады. Бүгінде қазақ тілін үйренушілер қатары кө­бейіп келе жатқаны қалыпты үрдіске айналды. Ендігі мақсат – Ел­басы атап көрсеткен­дей, Тәуел­сіздігіміздің 20 жыл­дық мерекесі қарсаңында мемлекеттік тілді на­сихаттаудың пәр­менді шараларын қарастырған дұрыс болар еді. «Бақ берерде елге ырыс қо­нады, ұстанған жол дұрыс бола­ды» деп Президент атап өткен­дей, барымызды бағалай білу де, ел ертеңі де өз қолымызда. Ел­ба­сы­дай Ұлт Көшбасшысына бір кісідей ере білсек, таңдап алған жо­лымыздан адаспайтынымыз анық. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Өмір ЕСҚАЛИ.