Бір жылы Хельсинкиге жол түскен. Сонда Суоми жұртының табиғатқа деген аялы көзқарасын көріп, ол журналистік жолжазбаға түрткі болған еді. Онда қоршаған ортаның тазалығын бетке ұстаған есті жұрттың сонысын өздерінің бір жағынан орынды мақтан ететіні, дүкеніне кірсең, алған затыңды полиэтиленнен емес, қағаздан тігілген дорбаға салып беретіні, қоқысын бөліп-бөліп төгіп, (полэтилені бір бөлек, металдан жасалғаны бір бөлек, т.с.с.) онысын қайтадан өңдеп, қажетке жарататыны, ал мейрамханаға келген мейманға алдымен бір бокал су ұсынатыны, суларының тазалығын брендке айналдырғаны, сол сәтте Көкшенің кестелі де, көрікті көлдерінің бетінде жүзіп жүрген бөтелкелердің еске түскені жайында жазғанымыз бар. Тіпті, Финляндияның қажетті энергияның басым бөлігін осы қоқыстан алатыны да сол мақалада тілге тиек етілген-ді.
Бұл елде қоқысты бөліп төгудің жолға қойылғаны соншалық, шыны бөтелкелердің қайтарылуы 100, ал пластик және алюмин қалбырлардың қайтарылымы 96 пайызды құрап, қоқысты қайтару кәдімгідей тиімді құрылған жүйеге айналған. Тұтынушыға өңдеуге келетін қоқысын қайтарғаны үшін ақша төленіп, тұрғын үйлердің маңынан тұрмыстық коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдар түрлі қағаз, органикалық қалдықтар қабылдайтын арнайы орындар ашып қойған. Сонымен бірге, қоқысты дұрыс сұрыптап төгушілер мен көп қоқыс шығармайтын пәтерлерге қызметтер үшін ақы төлеуде жеңілдіктер беріліп, пәтер иелері аса ұқыпты үйлердің тұрғындарын коммуналдық ақыдан бірнеше айға босату да ойластырылған екен. Супермаркеттер мен сауда үйлерінде металл, шыны ыдыстарды қабылдап, оған чек беретін арнайы автоматтар жұмыс істейді. Өйткені, Финляндияда қалбырға, түрлі ыдысқа салынған, құйылған тауарды алушы құтының ішіндегісін ғана сатып алмайды, сыртқы ыдысына да кепіл ақша төлейді. Қорапты, қалбырды, құтыны кері өткізген күнде кепіл ақшасын кері қайтарып алады. Ал түрлі батареялар мен лампалар сататын дүкендерге істен шыққандарын апарып өткізу де жолға қойылыпты.
Отынға тек қоқыс жағып, оның қуатымен электр энергиясын тарататын стансаларды да Финляндиядан табасыз. Және олар шағын көше, кішігірім шағынаудандарды ғана емес, тұтастай қалаларды жарықпен қамтамасыз етсе, болашақта олардың санын молайту мемлекеттің алдына қойған жоспарына енгізіліпті.
Осылай қоқысты қазынаға айналдырып, болашақта тек тасталған заттардан миллиардтаған пайда түсіреміз деген елдің ісі осы. Ақпарат тасқыны алапат заманда құлағымыз түрік жүрсе ұтылмасымыз хақ. Алтын – аяғымыздың астында, сыртқа шелектеп төгілген қоқыста... Әлде мұндай жүйені орнату қолдан келмейтін іс пе? Алматыда, Астанада қоқыстан қазына жасауға ұмтылған ой-ниет, идеялар ара-тұра естіліп те қалып жатады-ау. Осы ізгі ниет іске асса, қане...
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58