15 Ақпан, 2011

Болашақ онжылдыққа жаңа жетістіктермен

394 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақ­стан халқына Жолдауын академик Е.А.Бөкетов атындағы Қа­ра­ғанды мемлекеттік универ­си­тетінің ұжымы ерекше жігермен қарсы алды, себебі, ол Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қо­­рытындылап, болашақ та­быс­тар стратегиясын айқындап беріп отыр. Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның әлемдік саясаттағы, ұлттық экономикадағы, азамат­тық қоғамды нығайтудағы жетістіктерін атап өтті. Біздің елі­міздің әлеуметтік-экономика­лық дамуының нәтижелері көп­теген қарқынды жетіліп келе жатқан елдердің осындай көр­сеткіштерінен әлдеқайда жоға­ры екендігін ерекше айтты. Мы­салы, жан басына шаққан­дағы ішкі жалпы өнім 1994 жылмен салыстырғанда 12 есеге өсті, бұл Қазақстанның әлем елдерінің ішінде 53-ші орынды иеленуіне мүмкіндік берді. Тұрақты даму және аза­мат­тық келісім кепілі бола отырып, Президент сенімді түрде жаңа онжылдықтың міндеттерін ай­қын­дайды. Алдағы онжылдық­тың негізгі басымдықтары жеделдетілген индустрияландыру, шынайы экономика мен агро­өнеркәсіптік кешенді күшейту, әлеуметтік жаңару, ғылым, білім мен өндірісті шоғырлан­ды­ру, ұлттық денсаулық сақтау жүйе­сін жетілдіру болып табылады. Мемлекет қабылдаған ин­дус­триялық-инновациялық даму бағдарламасы, білімді, денсаулық сақтау саласын, жалпы, қазақ­стан­дықтардың өмірі мен әл-ауқатын жаңа сапалы деңгейге жеткізуге бағытталған. Қабыл­дан­ған бағдарламаларды жүзеге асыру ішкі жалпы өнім, халық саны, өмір сүру ұзақтығы, жұ­мыс­сыздық деңгейін төмендету сияқты сапалық көрсеткіштердің артуына алып келеді. Президенті­міздің бірізді саясатының арқа­сында еліміз әлемдік қаржы дағ­дарысынан мүдірмей өтіп, кәсіп­керлікпен айналысу үшін қолай­лы жағдай жасады, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының артуын қамтамасыз етті. Мемлекет бас­шы­сының алға қойылған мақсат­тарға қол жеткізудегі сенімділігін бөлісе отырып, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ұжы­мы Президенттің қазақстан­дық қоғам өмірінің барлық салаларын әрі қарай өзгерту жөніндегі бас­тамаларын толы­ғымен қолдайды. Қарағанды мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенттері мен оқы­тушылары Қазақстан Респуб­ликасындағы 2011-2020 жылдар­ға арналған білім беруді дамы­тудың Мемлекеттік бағдарлама­сында көрініс тапқан Президент­тің отандық білім беру жүйесін әрі қарай жаңарту туралы сөзде­рін ерекше ықыласпен қабыл­дады. Біз Президенттің сапалы білім – бұл еліміздің инновация­лық дамуының негізі деген пікірін толықтай қолдаймыз және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы бізге жүктелген жауапкершілікті сезінеміз. Білім және ғылым саласындағы ин­новациялық саясатты қолдай отырып, университет өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу, жаңа формациядағы кадрларды дайындау, білім беру бағдар­ла­маларын аккредиттеу, рейтингтерге қатысу бойынша үлкен жұмыс атқарады. Мемлекет пен Білім және ғылым министрлігінің тұрақты қолдауының арқасында университетте жаңа білім беру техно­ло­гияларын енгізуге, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүр­гізуге, студент жастардың интеллектуалдық және шығар­машылық әлеуеттерін дамытуға мүмкіндік беретін заманауи ресурстық база қалыптастырыл­ған. Студенттер мен оқыту­шы­ларға қамқорлық стипендия, еңбекақы мөлшерінің өсуінен, гранттардың бөлінуінен көрініс тапса, бұл – әлеуметтік опти­мизмнің артуына және бола­шақ­қа сеніммен қарауға нақты себеп. Балалардың оқуына қа­ражат жинаудың Президент ұсын­ған тетіктері жоғары білімге қолжетімділікті айтарлықтай арттырады. Инновациялық Назарбаев Университеті мен ин­тел­лектуалдық Назарбаев мек­теп­тері­нің қызмет етуі Қа­зақ­стан­ның интеллектуалдық эли­тасы­ның қалыптасуына ықпал етеді. Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жол­дауы дамудың жаңа кезеңінде бейбітшілік пен жасампаздық сая­сатын жалғастыратын Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелейтін мерейтой жылын бастайды. Еркін КӨБЕЕВ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры.