28 Тамыз, 2016

Чехия аспанында екі ұшақ бір-бірімен соқтығысты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-08-16-samolety

Чехияның шығыс жағында екі ұшақтың әуеде ұшып жүріп, соқтығысып қалған авиациялық төтенше жағдай орын алды. Көрсетілім ұшуында жүрген екі спорт ұшағы бір-бірімен бетпе-бет келіп қалды. Осының салдарынан пилоттардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқыш айтарлықтай ауыр жарақат алды. Қазір апаттың орын алу себебі анықталу үстінде. Осы күні елде планердің қирау оқиғасы да тіркелді. Онда алған жарақаты салдарынан пилот оқиға болған жерде жантәсілім етті. Жергілікті полиция алғашқы инциденттің Моравияда, Йиглава қаласында орын алғанын айтты. Ал екінші оқиға Оломоуц қаласында болған. Спорт ұшағы пилотының жасы 41-де болса, планерді басқарушы 65-те екен. Мұрат АЙТҚОЖА