28 Қыркүйек, 2016

Оралмандарға жеңілдетілген тіркеу бар

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндіктері болмай жүрген оралмандардың мәселесін ескере отырып, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті оралман мәртебесін жоғалтып, жеңілдетілген тіркеу тәртібімен ел азаматтығын ала алмай жүрген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін қайта беру жөнінде шешім қабылдаған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта оралман мәртебелерін жоғалтқан этникалық қазақ­тарға өз мәртебелерін растау үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Ал­маты қаласы мемлекеттік ең­бек инспекциясы және көші-қон басқармасына, Астана қаласы жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына жүгіну қажет. Оралман мәртебесін растағаннан кейін этникалық қазақтар тіркеуде тұратын жерлері бойынша көші-қон полициясы бөліністеріне «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның 16-1-бабына сәйкес Қазақстанның  азаматтығына  тiркеу  тәртiбiмен  қабылдау туралы өтініш білдіре алады. Өтінішті қарау мерзімі үш айды құрайды. «Егемен-ақпарат»