12 Қазан, 2016

Бас ұйым өкілімен кездесті

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ВИЧ/СПИД жөніндегі Арнаулы өкілі Мишель Казачкинді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Төраға кейінгі отыз жылда күллі әлемдегі денсаулық сақтау саласының сапасы мен тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан белгілі ғалым М.Казачкиннің қызметі туралы жылы пікір білдірді. Қ.Тоқаев жұқпалы аурулар және сырқаттармен орнықты күресті дамыту саласы БҰҰ-ның жаңа күн тәртібі аясындағы басымдықтардың бірі болып белгіленгенін атап өтті. 2030 жылдарға қарай ВИЧ/СПИД індеттерін жою – халықаралық қоғамдастықтан үйлесімді іс-қимыл талап ететін ортақ міндетіміз, деп атап өтті Төраға. Қазақстандағы ұлттық деңгейдегі ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі негізгі стратегиялық құжаттарға 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен «Са­ламатты Қазақстан» бағдар­ла­масы да іске қосылды. Төраға ВИЧ жұқтырғандарға мем­ле­кет­тік бюджет қаржысы және халық­аралық ұйым­дардың техникалық көмегі есебінен тегін дәрігерлік кө­мек көрсетілетінін айтты. ВИЧ/СПИД-тің алдын алу сала­сында жұ­мыс істейтін үкіметтік емес ұйым­дарға мемлекеттік қолдау жасалады. Қ.Тоқаев Алматыда ЮНЭЙДС-тің ВИЧ/СПИД-тің таралуымен кү­рес жөніндегі Орталық Азия елде­рі­не арналған субаймақтық кеңсе­сін ашу туралы шешіміне қолдау білдірді. БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілінің пікірінше, Қазақстан Орта­лық Азиядағы мигранттар арасын­дағы ВИЧ/СПИД және өкпе ауруларымен науқастану мәселелерінде оларды уақытында емдеу мақса­тын­дағы үйлестіруші рөлін ала алады.