Алматыда осы аттас деректі фильмнің тұсаукесері өтті
Бұған дейін қайталанбас ғұмыр иесі Фатима Ғабитованың тағдыры драматургиялық шығармаға арқау болып, Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Фатима» спектаклін сахналаған еді. Режиссер Мұрат Ахманов қойған ақын Иран-Ғайыптың қасірет-намасы қазір де театр репертуарындағы салмақты қойылымдар қатарында.
Фатима Ғабитованың ешкімге ұқсамайтын өмірі өткен аптада Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Фатима» атты толықметражды деректі фильм болып, көрерменге жол тартты. Аталмыш деректі фильм қазақтың үш ұлы тұлғасы – ағартушы Біләл Сүлеев, ақын Ілияс Жансүгіров және жазушы Мұхтар Әуезовтің музасы және өмірлік серігі бола білген Фатима Ғабитованың (1903-1968ж.ж.) күнделігі мен хаттарының негізінде жасалған. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.
Фатима Ғабитова күнделікті 1916 жылдан бастап жүргізген екен. Күнделікте өзінің ойлары және мәдениет қайраткерлерімен жазысқан хаттары арқылы ХХ ғасырда орын алған елеулі оқиғалар: ұлт-азаттық қозғалысы, төңкеріс, азамат соғысы, Қазақстандағы сауатсыздықты жою науқаны, қазақ әдебиетінің дамуы, шығармашыл зиялы қауымның қалыптасуы, 30-шы жылдардағы ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін, 50-жылдардағы «жылымық» көрініс тапқан.
І.Жансүгіров атындағы қоғамдық қордың қолдауымен ұйымдастырылған деректі фильмнің тұсаукесерінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті және фильм идеясының авторы Бақыт Қайырбеков: «Фатима Ғабитова туралы 2010 жылы маған оның Ілияс Жансүгіровпен жазысқан хаттарын аударуды ұсынған кезде біле бастадым. Жазғандарын оқи отырып, оның рухы биік, жігерлі әйел екеніне таң қалдым. Бір қызығы, «Фатима» атты кітапты оқып отырып білгенім, оның жазғандарының жарыққа шығуына көмектескен менің әкем – Қазақстанның танымал ақыны Ғафу Қайырбеков екен. Фильм көрермендерді Фатима Ғабитованың тауқыметке толы тағдырымен таныстырады. Осы арада көрермендер талабы орынды екенін айтқым келеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары шығып жатқан мұндай фильмдерді республикалық телеарналардан көрсету керек. Өскелең ұрпақ өз халқының тарихын тек оқулықтардан емес, сонымен қатар, осындай фильмдер арқылы да танығаны дұрыс», деді.
Деректі фильмнің тұсаукесеріне зиялы қауым өкілдері, Фатима Ғабитованың көзін көрген жандар, туыстары қатысып, тамаша естеліктер айтып, жаңа картина туралы көзқарастарын білдірді.
І.Жансүгіров атындағы қордың тең жетекшісі, Фатима мен Ілияс Жансүгіровтің немересі Жанар Жандосова: «Фатима Ғабитова өз бойында терең білім мен мәдениетті ұштастырған адам еді. Осының арқасында ол сауатсыздықпен күресуге көп ықпалын тигізді. Және күнделігінде, хаттарында, өлеңдерінде сол дәуірдің жылнамасын қалдырды», деді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды
Әскер • Бүгін, 17:15
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы • Бүгін, 16:58
Премьер-министр өрт қаупі жоғары кезеңде жедел әрекет етуді тапсырды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:20
Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:08
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
Парламент • Бүгін, 15:59
Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті
Қоғам • Бүгін, 15:50
Астанада полицейлерге күш қолданып, балағаттаған ер адам 3 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:38
Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды
Туризм • Бүгін, 15:22
Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?
Экономика • Бүгін, 15:07
«Адал азамат»: Мектеп оқушыларына жаңа Конституцияның нормалары түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 14:59
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Қоғам • Бүгін, 14:38
Надежда Рябец бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
Бокс • Бүгін, 14:25
KazNARU студенттері Қытай университетінің сертификатын иеленді
Білім • Бүгін, 14:10
Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді
Аймақтар • Бүгін, 13:45