04 Қараша, 2016

Оңтүстік Қазақстанның Ресейге экспорты артып келеді

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 2653_oko_site Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтің қатысуымен мәжіліс өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашып отырғанын айтты «Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. доллар құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. долларға дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген» деді облыс әкімі. Өз кезегінде сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікті реттеу мәселелері туралы баяндама жасады. Оңтүстік электр энергиясын негізінен сырттан тасымалдайды. Облыста көгілдір отынның алпыс пайызға жуығын шағын және орта бизнес өкілдері тұтынады. Бейнеу-Бозайдан келетін газ магистралынан бөлек Өзбекстаннан да алынатыны бар. Яғни, тариф жоғары. Осыған байланысты Нұрлан Алдабергенов Оңтүстіктегі табиғи газ бен электр қуатының қайта қаралатындығын мақұлдайтындығын білдірді. Бақтияр Тайжан, «Егемен Қазақстан»