05 Қараша, 2016

Жошыбаев «NewYorkTimes» конференциясына қатысты

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
bir Парижде 3-4 қарашада «New York Times Energy for Tomorrow» энергетикалық конференция өтті. Ол әлемдік саясат пен бизнес-элитаның назарын энергетика мен қоршаған ортаны сақтау проблемаларына аудару үшін ұйымдастырылған, деп мәлімдеді ЭКСПО-2017 Комиссарының хатшылығы. Конференция - Марракештегі (Марокко) БҰҰ Климат бойынша конференциясы (COP 22) шеңберіндегі ресми іс-шара. Қазақстаннан бұл мәслихатқа «ЭКСПО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаев және Франциядағы ҚР елшісі Нұрлан Дәненов қатысты. ???????????????????????????????????? «New York Times» конференциясының алаңында «ЭКСПО-2017» комиссары ЭКСПО 2017 тақырыбының өзектілігіне тоқталған COP 21 COP 21 президентімен, Францияның қоршаған орта, энергетика және теңіз істері  министрі Сеголен Руаяльмен кездесті. Руаяль ханым  конференцияда сөйлеген сөзінде 4 қарашада COP 21 шеңберінде желтоқсанда қол жеткізілген Париж келісімі күшіне енетінін мәлімдеді. «International The New York Times Company» басшысы Стивен Данбар-Джонсон өз баяндамасында Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын айтып өтті және келесі жылы жазда көрме кезінде Қазақстанға тағы да баратынын мәлімдеді. ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гурриа қазақстандық делегациямен жүздесу кезінде 2017 жылдан бастап Ұйымға қатысушы елдер үшін визасыз режім енгізу туралы Астана шешімін жоғары бағалады. Комиссар сонымен қатар  Халықаралық энергетикалық агенттіктің атқарушы директоры Фатих Биролмен кездесті. Ол да «ЭКСПО-2017» шеңберінде энергетика бойынша БҰҰ БЭК министрлік конференциясына қатысуға дайын екенін айтты. Көрме комиссары Жошыбаев  кездесулерде өз тарапынан 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрақты энергетика бойынша БҰҰ-ның бастамасын қолдай отырып «ЭКСПО 2017» көрмесінің базасында Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі орталық ашуды ұсынғанын еске салды.