23 Қараша, 2016

Жастар саясатында қандай жаңалық бар?

664 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
img-20161118-wa00242016 жылдың қыркүйегінен бастап  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жастар саясатының қыз­ме­ті Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистрлігіне берілді. Жастар саясаты департаменті қазір осы министрлікте жұ­мысын жалғастыруда. Ал бүгінде еліміздегі жастар қатары айтарлықтай қалың. Мәселен, 2015 жыл­дың басында республика бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 4 206, 3 мыңды құраса, оның ішінде 2 375 882 қала, 1 830 418 ауыл жастары болып табылды. Бүгінгі таңда жұмыссыздық мәселесі біз­дің елімізде ғана емес, әлемнің да­мы­ған алпауыт елдерінде де күрмеуі ше­шімін таппай тұрғаны жасырын емес. Еліміздегі жұмыспен қамтылған жас­тар саны – 2,1 млн адамды құраса, жұмыссыз жастар 95,6 мың адам болып отыр. Жұмыссыз жастардың саны 2015 жылы 4,5%-ды құраса, 2016 жылдың екінші жартыжылдығында 4,2% болды. Яғни, жұмыссыздық көрсеткіші жылдан-жылға төмендеп келеді. Жастар қашанда жүйелі түрде білім алып, қоғамдық жұмыстармен белсенді түрде айналысуы керек. Ал мемлекет тарапынан жастарды қолдайтын бағдарламалар мен жобалар жеткілікті. 2012 жылдан бастап, респуб­ли­ка­мыз­д­ың барлық өңірлерінде Жастар сая­саты жөніндегі басқармалар құрылды. Сонымен қатар, 2015 жылы 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік жас­тар саясаты тұжырымдамасының бірінші ке­зеңін сәтті аяқтадық. Нәтижесінде, жас­тар ресурстық орталықтарының жұ­мысы кеңейді. Қазіргі уақытта рес­пуб­лика бойынша жастар ресурстық орта­лықтарының саны 198-ге жетіп, штаттық саны аймақтар бойынша 1 716 адамды құрайды. Жастар ісі жөніндегі кеңестер жұмы­сы да қарқын ала бастады. Әкімдер атал­ған кеңесті жеке өздері басқаруына ал­ды. Міне, бұл да атқарушы биліктің жас­тарға деген оң көзқарасын білдірсе керек. Кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарында және колледждерде жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс істеуде. Оның ішінде барлығы 984 болса, ЖОО-ларда – 118, колледждерде – 697, кәсіпорындарда – 169. Жастар саясатын іске асыру барысында үкіметтік емес секторлармен, жастар ұйымдарымен және жастардың өздерімен тікелей қарым-қатынас жасау өркениетті қоғамға аяқ басқан елдердің тәжірибесіне айналуда. Бүгінде жастардың біліктілігін арттыратын «Жастар кадрлық резерві», отансүйгіштікке тәрбиелейтін «Жастар – Отанға», өнерлі жастарды қолдайтын «Ұлттық Дельфий ойындары» жобалары жү­зеге асырылып келеді. Осы жерде айта кететін жәйт, биылдан бастап Ұлттық Дельфий ойындарына мүмкіндігі шектеулі өнерлі жастар да қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, жастардың сан қырлы көшбасшылық қасиеттерін ашатын  «Жайдарман КТК» және тағы осы сынды жобалар жүзеге асырылу үстінде. Мәселен, «Жасыл ел» жобасы бойынша үстіміздегі жылы  қосымша ақыны екі есеге арттыру мәселесі қарастырылып, ол 35 394 теңгені құрады. Одан басқа, 2015 жылдан бастап еңбекпен қамтылған сарбаздар саны екі есеге, яғни 12 000-нан 24 000-ға артты. Жұмыс кезеңі 2 айға ұзартылды. Бұл шаралардың барлығы демалыс уақыты кезінде жастарды жұмыспен қам­туға зор мүмкіндік береді. «Жасыл ел» жо­ба­сын жүзеге асыру кезінде 200 мың адам жұмыспен қамтылып, 100 гектардан аса жер өңделді. Жасақтар еліміздің басты құрылыстары – «Нұрлы жол» индустриялық объектілерінде жұмыс істеп, ЭКСПО қалашығын тұрғызуға атсалысуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жас­тар саясаты жөніндегі кеңес  жұмысы пысықталуда. Біздің тарапымыздан Ке­ңестің құрамына орталық мемлекеттік ат­қарушы органдардың  бірінші басшыларын қосу туралы ұсыныс қолдау тапты. Бүкіләлемдік банкпен келісімді іске асыру бойынша жастар корпусын да­мыту жо­басын жүзеге асыру туралы жұ­мыс­тар жүр­гізілуде. 8,5 мыңнан аса жас­ты қа­м­ти­тын, оның ішінде әлеуметтік жа­ғынан әлсіз қорғалғандары да бар, 100-ге жуық жас­­тар ұйымы жобаны жүзеге асыруға атса­лысатын болады. Осы жобаны Алматы, Қа­рағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бастауды жөн деп санап отырмыз. Осыған байланысты жобаны басқаратын топ құрылып, Бүкіләлемдік банкпен құжаттары қаралуда. Бұл да болса еліміздегі жастардың әлеуетін арттырып, жұмыссыздықпен күресуге өз септігін тигізбек. ЮНЕСКО-ның ұстанымы бойынша, ХХІ ғасыр білім ғасыры болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, бірінші кезекте әрбір адам оқу-білім сапасына баса назар аударуы керек. Жаһандық жастар дамуы көрсеткішінің қорытындысы бойынша 2016 жылы Қазақстан 170 елдің ішінен 61-орынға ие болды. Яғни, Қазақстан еңбекпен қамтылу, саяси және азаматтық белсенділігі жағынан Түркиядан, (62-орын), Ресейден (110-орын), Қытайдан (118-орын) алға шықты. Осы көрсеткішпен тоқтап қалмай, алға баса беруіміз керек. Ол үшін біздің жастар тарапынан белсенділік танытылуы тиіс. Жалпы, біз жастарға қатысты өзек­ті мәселелерді шешудің жолдарын қа­рас­ты­­руымыз қажет. Осындай әдістердің бі­рі белсенді, азаматтық жауапкершілікті қа­­лыптастыруға мүмкіндік беретін форум­дар өткізу болып табылады. Осыған сәй­кес, Қазақстан Республикасының 2015 жыл­­ғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік жас­тар саясаты туралы» Заңының 20-бабына сәй­­кес Республикалық жастар форумын өт­кізуді жоспарлап отырмыз. Форумның 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қар­­саңында өткізілуі жастар үшін елеулі ма­­ңызы бар шара болмақ. Ал негізгі түп­кі ойымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде жастар мен жас­­тар саясатының жеткен жетістіктерін кө­р­­сету, жастарды «Қазақстан-2050» Стра­те­­гиясының міндеттеріне жету жолында жұмылдыру, жастарды «Мәңгілік Ел» құн­ды­лықтары аясында біріктіру. Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВ, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры
Соңғы жаңалықтар

Құтты мекен – Түгіскен

Руханият • Бүгін, 08:25

Ән аламаны әуеледі

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:10