18 Наурыз, 2011

Өзара іс-қимылдың белсенді сипаты

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенаты­ның Төрағасы Қасым-Жомарт То­қаев БҰҰ-ның Резидент-Үй­лестірушісі, БҰҰ Даму бағдар­ла­масының Қа­зақстандағы Тұ­рақты өкілі Стивен Туллды қа­былдады, деп ха­бар­лады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара іс-қимылдың белсенді сипатын атап өте келіп, даму бағдарламасын жүзеге асыруда әріптестік байланыстарды одан әрі өрістету жайында айтты. Кездесу барысында, сондай-ақ әлемдік және аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.