Осы сөздің төркінінде терең мән жатыр. Өйткені, шаңырақтың беріктігі, отбасындағы ынтымақ, бардың бағасын білу, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу, бәрі-бәрі келіндердің бойындағы жақсы қасиеттермен астасып жататыны анық. Демек, әдепті келін ауылдың көркі, ағайын-туыстың ұйытқысы. Осы мәселелердің астарына үңілген Ақши ауылының жұртшылығы «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» байқауын өткізіп, оған осындағы он саусағынан өнері тамған, халқымыздың бай дәстүрі мен салтын сақтауда өзгелерден ерекшеленген келіндер қатыстырылыпты. Мәдениет үйіне жиналғандар ұстаздар Нұржан Жұмахан, Сәуле Өтемұратова, үй шаруасындағы Салтанат Өмешова, мейірбике Әсем Жапаева және ауыл әкімдігінің қызметкері Нұрсұлу Уәйісова тағы басқалары күнделікті тіршіліктегі әйел қауымына тән тұрмыстық мәлелелерден бастап, өнерлерін, парасат-пайымдарын ортаға салды. «Бесікке түскен бөпеге, есікке дейін ен дүние» демекші, келіндер өзін-өзі таныстырудан бастап, қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін, ұлттық киім, мақал-мәтел жарысы, қазақтың бай дастарқаны мен қолөнер тәрізді түйінді мәселелерді әр қырынан көрсетіп, үміттерін үкіледі. Жалпы Ақши ауылы қазақи қалпымен танылатындығын ескерсек, үміткерлер шеттерінен өнерлі, білімді, салт-дәстүрге жетік екендіктерін танытты. Әрине мұндай сынға екінің бірі тәуекел етпесі анық қой. Көрермендер әр келінге орынды бағаларын беріп, қонағымен ажарлы, баласымен базарлы, әрі байқау талаптарынан сүрінбей өткен Салтанат «Үлгілі келін», Нұржан «Шебер келін», Сәуле «Инабатты келін», Нұрсұлу «Өнерлі келін», Әсем «Ісмер келін» атанып, бақтары жанды. Бір қызығарлығы, Нұржан өзін-өзі таныстыру кезінде өзгелерден ерекшеленуімен қатар ұмытыла бастаған ұзатылатын бойжеткеннің аужар мен сыңсу айтуын әдемі орындап, туған-туыс, ата-анаға деген жүрек лүпілін шебер жеткізді. Ол домбырамен сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындап, сурет салудағы шеберлігі және түрлі-түсті сырмақ текеметтері де көпшілікті қызықтырды. Келіні жақсының – керегесі алтын деген осы. Жалпы отбасының ынтымағы жайлы көп айтқаннан гөрі осындай ел жүрегінен орын алатын шаралардың анағұрлым тиімді екеніне көпшілік тағы бір көз жеткізді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.
Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Қоғам • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:33
Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 10:25
«Ресейге қайтуды жоспарлап отырмын»: Әзілкеш Нұрлан Сабуров Пхукетте концерт берді
Қоғам • Бүгін, 10:11
Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42