16 Ақпан, 2017

Өзін таныған өзгені де құрметтейді

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміз ертеңіне сенім­мен қадам басқан шағында заманына сай келешек ұр­пақты тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, адам­дық болмысы жай­лы ой тол­ғап, рухани-адам­герші­лік білім беру­ді басты идея етіп ұста­на­тын «Бөбек» қоры­ның президенті Сара Назарбаеваның «Өзін өзі тану» авторлық бағ­­дар­­ла­масының ал­ға қой­ған мақ­саты ауқымды. – Еліміздің Білім және ғылым министрлігі «Өзін өзі тану»: Махаббат пен шығар­машылық педаго­ги­ка­сы» атты дәстүрлі он­күн­дікті өт­кізу­ді ұсынған болатын, – дейді қала­дағы орталық кітап­­хана қыз­меткері Жанат Әбіл­мәжінова. − Осы­­ған орай біз «Өзін өзі тану − адам­гер­шілік құ­нды­­лық­тар­дың негізі» атты кеш өткізіп отыр­мыз. Бұл бағ­­дар­­лама жас ұр­пақтың жүре­гін­­де өмір­ге деген сенім ұяла­та­­д­ы. Ата-анаға деген ізгілік қасиет­­терді бойына сіңіреді. Шара барысында кітап­хана мамандары «Бөбек» қайы­рымдылық қоры­ның прези­денті Сара Алпыс­қызының өмір жолы, қайы­рымдылық іс-шаралары, еліміздегі адам­гершілік-рухани білім беру сала­сы­ның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Пси­холог мамандар Ләззат Маз­таева мен Сандуғаш Рапи­кованың айтуынша, өзін өзі тану пәні арқылы балалар өзіне сенім­ділікке, адамдар арасын­да орнын тауып, өзін тұлға ретінде сезінуге тәрбиеленеді. «Өзін өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үй­рететін пән», дейді №34 ор­та мектептің бастауыш сы­нып ұстаздары Гүлмира Бай­жұлданова мен Ләйлім Ора­заева. Мұғалімдер, соны­мен бірге, сабақ бары­сын­да қол­данылатын іс-тәж­ірибе­лері­мен бөлісті. «Өзін өзі тану махаббатқа жетелейді» атты тренингте аталған пәннің қызық­ты өткізілуі әдіс-тәсіл­дер­ді орнын тауып қолданатын мұғалімнің шеберлігіне бай­ланысты екендігі аталды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ