1 наурыз күні Исламабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының ХІІІ саммиті басталды. Саммитте ЭЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму жоспары және ұйымды реформалау жөніндегі мәселелер талқыланды.
Саммитке Иран, Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан мен Тәжікстанның мемлекет басшылары, Пәкістан және Қырғызстан елдерінің премьер-министрлері, Ауғанстанның сыртқы істер министрі, Өзбекстанның вице-премьері қатысты.
Елбасы тапсырмасымен еліміздің атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысты.
ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мүше елдердің сенімді әріптестік және өзара түсіністік, сондай-ақ, тепе-теңдік қағидатына негізделген. Ұйымның негізгі міндеті аймақтың экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі қатынастарды өзара ынтымақтастыққа негіздей отырып, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық салаларды дамыту, мүше елдерді уақыт талабына сай интеграциялау болып табылады.
Саммит барысында Қазақстан тарабы өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды. Олардың алғашқысы – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Қазіргі кезде, Қазақстан трансмагистральды автомобиль және темір жол құрылысын кең ауқымда жүргізіп жатыр. Бұл ЕАЭО-ның ауқымды жобаларын интеграциялауға және Жібек жолы Экономикалық белдеуі жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін ЭЫҰ-ға мүше барлық елдердің ынтымақтастығын кеңейту үшін пайдалану ұсынылды.
Екінші – аймақтық сауда-саттықты ынталандыру және ұлттық өнімдердің әлемдік нарыққа шығуын кеңейту. Бұл бағытта мультимодальдық тасымалдауды бірігіп ұйымдастыру және көлік инфрақұрылымының тармақталған желісін құру қажет. Бұл орайда, Қазақстан ЭЫҰ елдерін байланыстыратын және Еуразияның басқа да нарығымен жалғастырушы көпір рөлін атқарады.
Үшінші – энергетикалық қауіпсіздік. Энергетикалық нарықтағы транспаренттілік мәселелерін қарастыруда және осы салада жаңа технологияларды енгізуде ынтымақтасу.
Төртінші – 2018 жылдан бастап, ағылшындық құқық негізінде толықтай іске қосылатын «Астана» халықаралық қаржылық орталығы аясындағы қарым-қатынас.
Саммит барысында, вице-премьер – Ауыл шаруашылығы министрі қатысушыларды 2017 жылдың қыркүйек айында Астанада алғаш рет өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Ғылым және технология саммитіне шақырды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
• 03 Наурыз, 2017
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті өтуде

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28