Спорт • 28 Сәуір, 2017

Жарыстар күнделігі

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыр атлетика

Түрікменстан астанасы Ашха­бадта ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгінге дейін төрт зілтеміршіміз өнер көрсетті. Үш күннің қорытындысы бойын­ша, Қазақстан Ұлттық құра­масының қоржынында  бір алтын медаль бар. Жалғыз жүлденің иегері – 69 кило сал­мақта сынға түскен Альберт Линдер.

Енді жарыс тұғырына тағы үш қазақстандық спортшы шығады. Азия чемпионаты 30 сәуір күні аяқталады.

Хоккей

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Киевте өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші дивизион командалары арасындағы додасына қатысуда. Хоккейшілеріміз осыған дейін мұз айдында төрт кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетіп, бір рет ұтылып қалды. Төрт ойын қорытындысы бойынша, жерлестеріміз сегіз ұпаймен өз тобында екінші орында келеді. Топ­тағы соңғы ойынды Қазақстан құр­амасы бүгін Венгрия хоккей­шілерімен өткізеді.

Айта кетейік, әлем чемпио­натының элиталық дивизионына өз тобында бірінші және екінші орын алған командалар ғана шы­ғады.

Футбол

Қазақстан Футбол федерациясы Шымкенттің «Ордабасы» клубына өз алаңында ойын өткізуге шектеу қойды. ҚФФ өкілдерінің айтуынша, Қажымұқан Мұңайт­пасов атындағы орталық стадион­ның жарығы ФИФА талаптарына сай келмейді.

Еске салсақ, Қазақстан Фут­бол федерациясы осыған дейін «Атырау» және «Ақтөбе» клубтарына да өз алаңында ойын өткізуге шектеу қойған болатын.

Бокс

Геннадий Головкиннің мау­сым айында жекпе-жек өткіз­бейтіні белгілі болды. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді. Оның айтуынша, Джейкобсқа қарсы жекпе-жектен кейін Головкин үшін британдық боксшы Сондерспен кездесу өткізуге уақыт тым аздық етеді. Сондықтан, ол жекпе-жектен Головкиннің командасы бас тартқан.

Леффлер 6 мамырда өтетін Альварес («Канело») – Чавес кездесуінің жеңімпазы Голов­киннің келесі қарсыласы болуы ықтимал екенін айтады.

Әзірлеген

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»


Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20