Аймақтар • 02 Мамыр, 2017

Тағдырлы таланттар тоғысады

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күндері мүмкіндігі шектеулі балалардың I республикалық спартакиадасы мен «Жұлдызай» XII шығармашылық фестивалінің нағыз қызған шағы. Жарыстар кішкентай бүлдіршіндердің жеңіске деген үлкен үміттері мен уайым, толқуларына толы.

Тағдырлы таланттар тоғысады

Еліміздің 13 қаласында фес­ти­вальдің іріктеу кезеңі өтті. Жобаға қатысуға 6500 бала өті­ніш білдіріп, 2 мыңға жуығы алғаш­қы іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.

Жас дарындарды іріктеу 6 аталым, яғни вокал, ым­дау, аспаптық орындау, хорео­гра­фия, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша өтуде. Мыңға жуық бала мини-футбол, үстел теннисі, жеңіл ат­ле­тика және «асық ату» сынды спорт түрлерінен жарысты.

Атырау қаласынан фести­валь­ға қатысқан Бекзада Аска­ро­ва Ғабит Мүсірепов атындағы №5 мектептің 8-сыныбында оқиды. Ол «Жұлдызай» фести­валі туралы «Youngstars» ансам­б-

лі­нің көркемдік жетекшісінен білген.

– Тыныш апайым «Туған же­рім – тағдырым» әнімен бай­қауға қатысуға ұсыныс білдірді. Маған фестиваль ұнай­ды. Өйт­кені, мен осы жерде өзі­м­ді көр­сетіп, жетістікке жете ала­мын, – дейді жас талант.

– Біздің бес қызымыз бар. Үл­кендерінің дені сау. Егіз Бек­за­да мен Айзада ауыр дертпен туылды. Бекзаданың құлағының мүкісі бар, әрең сөйлейді, та­ма­қ­­-

ты қиналып ішеді. Соған қа­рамастан ақылды, талантты. Су­ретті жақсы салады, ағылшын тілін үйренуде, компьютерді де меңгеріп алды. Біздің ем­ха­на­лар­да оны емдейтін мамандар жоқ, ал шет елде емделуге қа­ра­жат жетпейді. Бірақ біз бұл қи­­ын­дықтарды қалайда жеңіп шы­ғатынымызға сенемін, – дей­ді анасы Лариса Асқарова.

Дәстүр бойынша фести­валь­ді танымал әртістер қол­дап отырады. Биыл Атырау мен Ақтау қалаларындағы ай­мақ­­тық іріктеу кезеңінің қа­зы­лар алқасына әнші Ардақ Әлек­ешев қосылды. Фес­тиваль сахнасындағы әрбір бала – өз алдына бөлек әлем. Әрбір концерттік нөмір – жас бүлдіршіндердің, ата-ана­лары, ұстаздары, ұйым­дас­­тырушылары мен «BI-Жұл­ды­зай» қорын қолдайтын құ­рылысшылардың үлкен жеңісі.

Фестиваль 2005 жылдан бастап облыстық білім беру бас­қармаларының қолдауымен Астана қаласында өтіп келді. Биыл алғаш рет Алматы қала­сын­да ұйымдастырылмақ. Спар­та­киада 30-31 мамыр­да мәреге жетеді. 1 шілдеде Республика сарайында «BI-Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің Гала-концерті болады. Еліміз­дің 16 қаласынан келген ерек­ше таланттар осы сахнада тоғысады.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ