04 Мамыр, 2011

Кәсіптік білім бәсекеге лайық па?

673 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Әлемдік бәсеке айдынында бә­секеге төтеп берудің түрлі тә­сілдері күн сайын өмірдің тала­бы­на қарай жаңарып келеді. Қо­ғам дамуының қай саласы бол­ма­сын, бәрінде қызу бәсекелес­тік бола­тыны айдан анық. Себебі, бәсеке жоқ жерде сан туралы да, сапа туралы да сөз қоз­ғау­дың өзі артық. Сондықтан на­рық заң­дылықтарын кәсіби тұр­ғыда иге­рудің, білікті кадрлар даяр­лаудың, жоғарғы са­палы серти­фикациялы білімді жал­ғас­тырудың проб­лема­лары Білім және ғылым министрлігі ұйымдас­тыр­ған «Ең­бек нарығы, техни­калық және кә­сіптік білімді дамытудың бо­лашағы» атты рес­публикалық кон­ференцияда тал­қы­­ланды. Иә, техникалық және кәсіп­тік білім беруге қазіргі уа­қытта еліміз айрықша мән беріп отыр. Оның ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құ­рылымдарының жә­не азамат­тардың әлеуметтік жағдайына орасан зор серпін беретіні де анық. Елдің экономи­калық қуаты да осы айтылған салалармен тығыз байланыста. Сол үшін техникалық және кә­сіптік білім беруді дамытуда ең­бек өнімділігін арттыру, жалпы алғанда кәсіпорындар­дың бәсе­ке­сін дамытатын жо­ғары білікті мамандар даярлау өте ма­ңыз­ды. Арнайы ма­ман­дардың ай­туын­ша, отан­дық құ­рылым­дар­да техни­калық жә­­не кәсіптік білім беруді басқарудың ұтымды әрі қо­лайлы үлгісі осы уақытқа дейін қалыптаспаған. Оқу бағ­дар­ламалары нарық еңбегін­дегі дағдылар мен заңдылық­тарды нақты қамтып көрсете алмайды. Сол үшін де бизнеске керек мамандар даярлауды басқару үр­дісі жолға қойыл­маған. Бір сөз­бен айтқанда, бизнестің кадр­ларға деген сұ­ранысын есепке алатын, ма­ман­дардың біліктіліктерін қа­дағалайтын тұтас жүйе жоқ. Аталмыш конференция ая­сында Білім және ғылым, Индустрия және жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация, Ауыл ша­руашылығы, Бай­­ланыс және ақ­парат, Мұ­най және газ, Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен «Ата­мекен одағы» Қазақстан ұлттық эко­но­­ми­калық палатасы арасын­дағы кадр­ларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру мәселелері жөнінде ынтымақтас­тық туралы келісімге қол қо­йылды. Сондай-ақ Білім және ғылым ми­нистр­лігінің «KAZENERGY» мұ­най-газ және энер­гетикалық кешенді ұй­ым­дарының Pricewater­­house­Coopers Tax & Advisory консор­циумы ара­сында Атырау аймақ­аралық кәсіп­тік орталы­ғын бас­қарудың ынты­мақ­тастық туралы меморандумына қол қою сал­танаты болды. Мұндай мемо­рандумға қол қою – мемлекеттік тапсырысты орындау және оқу орындары­ның материалдық тех­ни­калық базасын нығайту, өн­дірістік тәжірибені және оқу бітірушілерді жұмысқа ор­наласт­ы­руды ұйымдас­тырудағы кәсіп­орын­ның қатысуын қамтуда қарқын­ды жоба болып табылады. Жиында Премьер-Минис­тр­дің орынбасары Ербол Орын­баев баяндама жасады. Вице-Премьер өз баяндама­сында бұл мәселені түбегейлі шешу қажет­тігін атап көрсетті. Оның ай­туынша, қоғамда кә­сіби-техни­калық білім беру саласының беделі төмен. «Қо­ғамда кәсіби-техникалық білім беру жүйесі екінші сұрыпты деген қате түсінік қалып­тасқан. Бұл өз кезегінде еңбек нарығында тепе-теңдіктің сақ­тал­мауына әкеп соғуда. Кә­сіби-техникалық білім беру ұйымдарына жылына 300 мың­­нан астам адам түседі. Жоғары оқу орындарына да осынша адам барады. Қазақ­стандағы жұмыспен қамтыл­ғандардың 27 пайызының кә­сіби-техникалық білімдері бар, 28 пайызы жоғары оқу орын­дарын тәмамдаған. Ал 45 па­йызға жуығы орта мектептен кейін білімдерін жалғас­тыр­ма­ған. Біздің жоо-дағы сту­дент­тер­дің саны колледждер мен лицейлердегі студенттерге қа­ра­ғанда көп. Бұл мәселе үлкен алаң­даушылық тудыра­ды. Бас­қа да­мыған мемлекеттерде кә­сіби-техникалық білім алып шық­қандардың саны 75 па­йызды құрайды», деді Вице-Премьер. Конференция барысында «Тех­никалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының үздігі» атты республикалық кон­курс­тың жеңімпаздарын ма­рапаттау салтанаты өткізіл­ді. Бұл конкурс техникалық және кәсіптік білім жүйесін жетілдіру, насихаттау, беделін арттыру, кадр­ларды кәсіби даярлау са­пасын қамтамасыз ету жөнін­дегі тәжірибені тарату мақса­тында өткізіліп отыр десек, қазылар алқасының шешімімен металлургия, энергети­ка, тау-кен, құрылыс пен ауыл шаруа­шылығы саласына кадрлар даяр­лайтын 16 үздік техни­калық және кәсіптік білім беру ұйым­дары анық­талды. Гран-при жүлдесі ең үздік кадрларды даярлаған оқу орын­дарына берілді. Соның ішінде қалалық оқу бөлімін жетілдірген бағыт бойынша Ақтөбе облысының №4 ма­мандандырылған лицейі марапатталса, ауылшаруашылық саласы бойынша Павлодар облысының №25 мамандан­ды­рылған лицейі жеңімпаз атал­ды. Ал энергетикалық салаға арналған жүлде Алматы қала­сының Энергетикалық және электрондық технология колледжіне бұйырса, құрылыс са­ласы бойынша Ақмола облы­сының №11 маманданды­рыл­ған лицейі жеңіп шықты. Ал металлургия саласы бойынша ақтөбелік Көлік және коммуникация, жаңа технологиялар колледжі жеңімпаз деп танылды. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.