18 Мамыр, 2011

Қажымұқан атындағы қор құрылды

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл қазақ халқының даңқты ұлы, атақты балуан Қа­жымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 140 жыл толды. Осыған орай балуанды еске түсіру мақсатында ел көлемінде көптеген іс-шаралар, бұқаралық спорт жарыстарын өткізу белгіленуде. Қорды құру жөнінде бастаманы балуанның немересі Нұрлан Қажы­мұқанов, немере інісі Батырхан Ескермесов көтерді. Қордың мақсаты – атақты балуанның өмір жолын, спорттағы жетістіктерін жұрт ара­сында кеңінен насихаттау, ол жерленген кесенені күтіп-баптау, кесене ай­наласын абаттандыру болып табы­ла­ды. Сонымен бірге, қор балуан жай­лы қалам тартып жүрген қалам­гер­лерді, спорттық жарыс­тар­да жеңіске жеткен жеңімпаздарды, зейнет жа­сына шыққан атақты спорт шеберлерін марапаттау сияқ­ты игі істерді жүйелі түрде атқа­ру­ды көздеп отыр. Қор құрылтайшылары балуан­ның есімін ардақ тұтатын қолы ашық, жүрегі жомарт алаш аза­маттарын осы қордың жұмы­сына қаржылай қолдау көрсетуге ш­а­қырады. Қол ұшын созып, игі ниет танытқан жандар үшін қордың есеп-шотын ұсынады: Қажымұқан Мұңайтпасов атын­­дағы қайырымдылық қоры РНН 582200043677 КБе 18 р/сч. KZ 798560000004450968 БИК КСJBKZKX ФШ АО «Банк Центркредит» Әлсейіт ОСПАНОВ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы.