Қазақстан • 03 Мамыр, 2017

Ардагерлерді ұлықтауға арналды

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ас­тана қаласының Мем­ле­кет­тік мұрағатында Ұлы Отан со­ғысындағы жеңістің 72 жыл­ды­ғына арналған жиын өтті.

Ардагерлерді ұлықтауға арналды

Шараға қанды соғыстың зұл­матын көрген ардагерлер Әбдірахман Сапаров, Әубәкір Уәлиев, тыл ең­беккері Амантай Бекниязова, май­­­­данда қаза тапқан Қайыр­жан Қапа­жа­нов­тың қызы Бәткен әжей, Астана қа­ласы қорғаныс істері жөнін­дегі бас­қармасының өкілдері қа­тыс­ты.

– Ұрысқа Мәскеу маңындағы Волоколамск  жерінде кірдім. Қазақ­ста­н­­нан келген жастар көп болды. Бәріміз асқан қаһармандықпен  жау­ға қарсы тұрдық. Қырғын шай­қас­тың  әрбір сәті көз алдымда. Талай боз­дақ елін, жерін қорғап шейіт бол­ды. Бір құдай қолдап, аман қал­дық. Ал соғыстан кейін 43 жыл бо­йы мектепте математика, физика, хи­мия пәндерінен сабақ бердім, – деп тебірене сөйледі Әбдірахман ақ­­сақал.

Кездесуді ұйымдастырушылар Екін­ші дүниежүзілік соғыс жайлы арнайы әзірлеген бейнефильм кө­р­сетті. Сондай-ақ, №30 орта мек­теп­тің оқушылары сол бір қиын ке­з­еңді еске түсіретін мұңлы әндер шыр­қады.

– Соғыс басталғанда он жасар қыз едім. Майданға әкем, әкем­нің інісі және ағам үшеуі кетті. Бір үйдің арқа сүйер азаматтары толы­ғы­мен аттанды. Өкінішке қарай, еш­қайсысы оралмады. Шешем таң ат­қаннан күн батқанға дейін жұмыс іс­тейтін. Біз балалықтың не екенін білмедік. Қой да қырықтық, егін де шаптық, оның масағын да тердік. Киерге киіміміз жоқ. Қарнымыз тойып тамақ ішкен күніміз болған емес. Біздің көргенімізді Жаратқан еш­кімге көрсетпесін, – деп көзіне жас алды Амантай әжей.

Жиында Бәткен әжей қанды с­о­ғыста қаза тапқан әкесінен қалған  құн­ды заттарды Мемлекеттік мұ­ра­ғатқа арнайы аманаттады.

Шара соңында «Ұлы Жеңіс­тің кезеңдері» атты көрме ұйым­дас­тырылды. Көрмеге Астана қа­ла­сы­ның мұрағаты мен Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президенті Архивінің қо­рынан алынған түпнұсқа құжаттар қой­ылды.

Құжаттар арасында 1945 жылы шық­қан «Акмолинская правда» га­зе­ті, 1941 жылы 22 маусымда КСРО Сыр­т­қы істері халық комиссары

В.М.Молотовтың радиода сөйлеген сө­з­дері жазылған қағаз, саяси эмигранттарды,  жаудың тұтқынында болған адамдарды Қазақстанға жер аудару туралы И.В.Сталиннің жеделхаты бар. Сондай-ақ, майданға киім-кешек, азық-түлік жіберіп жатқан еңбекшілердің суреттері, сол кезден қалған заттар, тіпті соғысқа барып келген шабадан да көпшілік  назарына ұсынылды.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар