11 Маусым, 2011

Елбасы қабылдады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Дауылбаев Президентті еліміздегі заңдылық пен құ­қық­тық тәр­тіп­тің жай-күйі туралы хабардар етті, сондай-ақ оның тапсырмаларының орындалу барысы туралы және құ­қық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп отыр­ған жұ­мыстар жөнінде баяндады. Кездесудің қорытындысы бойын­ша, Мемлекет басшысы про­ку­рор­лық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, азамат­тардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін то­лық­тай қорғауды қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған нақты тапсырмалар берді.