16 Маусым, 2011

Теорияны тәжірибемен ұштастырды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада Вена құжаты бойын­ша 1999 жылғы қауіпсіздік пен сенімді нығайту шаралары бойынша келісімге байланысты ҰҚШҰ көлеміндегі әскери-саяси міндеттерді жүзеге асыру туралы кезекті халықаралық оқу курсы аяқталды. Бұл шараға Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Түркімен­стан, Өз­бекстан, Армения, Әзір­байжан және Грузия республика­ларының әскери-дипломатиялық өкілдері қа­тысты. Оқытушылар ретінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Верификация ор­та­лық­тарының сарап­шы­лары (Беларусь, Ұлыбритания, Германия және Франция) дәріс берді. Курстың мақсаты Вена құжа­тындағы инспекциялық ақпарат­тық қызметтің әскерлерге қатыс­ты тұстарын, сондай-ақ оның ең басты ережелерін оқып-үйрену болып табылады. Курстың теориялық бөлімі оқы­тылып болған соң, астаналық 68665 әскери бөлімі базасында практи­калық оқу инспекциясы өткізілді. Оксана ПАРПУРА.