05 Тамыз, 2011

Стратегиялық әріптестіктің айқын көрінісі

304 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Газетіміздің өткен нөмірінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Түркияға жасаған ресми сапары барысында Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездескендігін хабарлаған бола­тын­быз. Енді сол кездесуде қозғалған мәселелерге тоқталайық. Қазақстан сыртқы саясат ве­домствосының басшысы Түркия Президентіне Елбасының сәлемін жеткізе келіп, өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен шын жү­­­ректен құттықтады. Биыл қазан айында Алматы қаласында Түр­кі­тілдес мемлекеттер ынты­мақ­тас­ты­ғы кеңесінің саммиті өтеді. Осы­ған байланысты министр Мем­­лекет басшысы Н.Назар­ба­ев­тың сам­митке шақыруын табыс етті. Түркия Президенті ша­­­­қыр­­уды қа­был алып, өзінің саммитке қаты­са­тындығын білдірді. Со­ны­­­мен бір­ге, А.Гүл екі­­жақты қарым-қа­ты­настардың жо­­ға­ры дең­гейде да­мып отырғандығын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан мен Түр­кия президенттері төрт рет кездесіпті. 2003 жылғы Президент Н.Назарбаевтың Түркияға жа­саған сапарынан бастап жо­ға­ры деңгейдегі кездесулер үнемі жалғасын тауып келеді. Екі ел арасындағы қатынастардың да­муы­на 2009 жылы 21-23 қазанда Президент Н.Назарбаевтың Түр­кияға ресми сапары ерекше серпін берген. Осы сапар барысында Қазақстан мен Түркия арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Президентінің Түр­кия парламентінде алғаш рет сөз сөйлеуі елімізге көрсетілген құр­мет деп бағалауға болады. Тиісінше 2010 жылдың 23-26 мамы­рын­да Түркия Республикасының Президенті А.Гүл Астанада Парламент палаталарының төрағала­ры­мен және Премьер-Министрмен кездесулер өткізді, сондай-ақ Шым­кент және Түркістан қалаларына барып қайтты. Сапар барысында ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар өкілдері, 400-ге тарта қазақстандық және 100-ге жуық түрік кәсіпкерлерінің қаты­суымен өткен қазақ-түрік бизнес-форумында жалпы көлемі 300 миллион доллар болатын 30 келісімге қол қойылды. Түркия Қазақстанның Еура­зиядағы ең маңызды әрі сенімді әріптесі болып табылады. Әсі­ресе, бұл үдеріс экономика сала­сында көрініс табуы тиіс. Көлік және энергетика басты эконо­ми­калық бағыттар болып табылады. Енді осы бағыттағы жұмыстарды кеңейту қажет, деді министр Е.Қазыханов. Алдағы жылдарда өзара тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ Түркия Қазақ­стан экономикасына қомақты инвестиция салып отырған мемле­кеттердің бірі саналады. Бұл инвестициялар индустриялық сек­тор­ға бағытталған. Мысалы, он жыл ішінде осы елдің Қазақ­станға құйған қаржысы 13 миллиард долларды құраған. Осы ретте министр еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасына Түр­кияның кәсіпкерлерін жұмыл­дыру жайын да сөз етті. Кездесуде бұлардан басқа бір­қатар мәселелер де көтерілді. АӨСШК-ке төрағалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Өйткені, Түркияның АӨСШК-ке төраға­лық еткеніне де бір жыл өтті. Негізінен бұл Президент Н.Назар­баевтың бастамасы екендігін атап өткен жөн. Ендігі мәселе – атал­ған Ұйымды әрі қарай дамыта беру қажеттігі. Астана мен Анка­ра­ның көптеген халықаралық және өңірлік проблемалар жөніндегі мүдделері ұқсас келеді. Сондық­тан да энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық ықпалдастық мәселелерінде екі ел арасында стратегиялық әріптестік қалып­тас­ты деп нық сеніммен айтуға болады. Түркия елімізді Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде қабылдайды және өңірдегі маңыз­ды әріптес ретінде таниды. Жалпы, Қазақстан Республи­касының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Түрік Рес­публикасына жасаған сапары жемісті болды. Кездесулер бары­сын­да көптеген мәселелер бойынша ортақ ұстаным бар екені анық бай­қалды. Осының өзі Түркия­ның еліміздің стратегиялық ма­ңызды әріптесі екенін тағы бір қырынан көрсетті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ – Анкарадан.