23 Тамыз, 2011

Дерек пен дәйек

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
171 600 Облыстық статистика департаментінің деректері бойынша үстіміздегі жылдың жеті айында өңірде осыншама шаршы метр 878 тұрғын үй пайдалануға берілген Оның ішінде халықтың өзі­нің қаражатына жалпы аумағы 118,9 мың шаршы метр 864 тұрғын үй салынған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыс­тырғанда 5,6 мың шаршы метр тұрғын үй артық пайдалануға беріліп отыр. Осы кезеңде тұрғын үйлер­мен бірге 220 оқушылық бір мектеп, ауысымына 120 адам қабыл­дайтын 4 амбулаторий­лік-емхана­лық мекеме іске қосылды. Құры­лыс саласында тіркелген заңды тұлғалар 1967-ні құрап, былтырға қарағанда 6,2 пайызға өскен. 2011 жылғы қаңтар – шілде айла­рын­дағы атқарылған құрылыс жұ­мыс­­тарының жалпы көлемі 48,5 миллиард теңге болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.   47 000 136 бау-бақша серіктестігі осынша саяжай учаскелерін біріктіріп отыр Облыс саяжайшыларының азық-түлік қауіпсіздік белдеуіне қосып отырған үлесі зор. 2010-2011 жылдарға арналған бау-бақша және саяжай ша­руа­шы­лықтарын дамыту бағдар­ламасы аясында бұл бағытта атқарылған шаруалар қыруар. Бүгінде 47 мыңға жуық сая­жай­шының мақсат-мүдде­сін ор­тақ арнаға жұмылдырып отыр­ған 136 бау-бақша серіктестіктері картоп пен көк­өніс­тен облыс тұр­ғындарының үш­тен бір қаже­тін өтейді. Саяжайларға апара­тын 17,5 ша­қырым жол жөн­де­ліп, 3,5 шақырым су желісі тар­тылды. Әлеуметтік аз қамтылған жандарға 742 жол жүру билеті тегін таратылып, базарларда 378 сауда орны жеңілдікпен берілді. 12 бағытта автобус маршруты ашылды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.   37 672 Биылғы жаңа оқу жылында Семей өңірі бойынша осынша оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде Соған орай, қазірде өңір бой­ынша «Мектепке жол» ак­циясы қызу өтіп жатыр. Әсі­ре­се, жетім балалар мен әлеу­меттік жағынан қорғалмаған отбасылар қатаң есепке алын­ған. Акция аясында оларға нақ­тылы көмектер көрсетілуде. Қала мен қалаға қарасты елді мекендердің бәрінде белгіленген кесте бойынша әр жұма күні мектеп жәрмеңкесі өткізілуде. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.