23 Тамыз, 2011

Зарема ШӘУКЕНОВА: Биік өре танылды

364 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ел өміріндегі аса маңызды оқиға – Парламент Сенаты депутаттарын сайлау және оның Алматы қаласының мысалынан алынған айшықты көріністері хақында ел Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема ШӘУКЕНОВА өз пікір-пайымдарын ортаға салған болатын. Парламенттің ел өмірін­дегі рөлі оның өзіндік мақ­сат-міндеттерімен сабақтаса ай­қындалады. Әлбетте, со­лар­дың ішіндегі аса маңыз­ды­сы ел дамуы­ның демокра­тия­лық тұрғысын қамта­ма­сыз ету екендігі әмбеге аян. Осы жолы төртінші ша­қыры­лым­дағы Парламент ау­­қымында әр облыс­тан се­на­тордың бір орынтағына орта есеп­пен үш адамнан үміткер болған­ды­ғын демократия көрінісі деп баға­лауы­мыз керек. Демократия дамымаған елде мұндай белсенділік те болмас еді. Бізде сайлау үде­рі­сінің саяси-құқықтық тетік­терінің жетілдірілуі Қазақстан қо­ғамындағы де­мократиялық өркенді өзгерістер арна­сында іске асты. Жалпы, Қазақ­стан­дағы сайлау жүйесінің саты­лы дамуының талдамасы сай­лау үде­рі­сін демократия­лан­дыруда едәуір жетістіктерге қол жеткенін көрсетеді. Бұл реттегі басты қағидаттар бәсекелілік пен баламалы­лық­қа негізделгенін атап өту ма­ңызды. Менің пайым­дауым­ша, биылғы Сенат сайлауын­дағы белсенділік нақ осы жаймен түсін­діріледі. Соңғы жылдарда осынау сайлау үде­рі­сінің мәдениеті және оған қоса сайлау­шы­лардың мәдениеті өзгеріп, өскендігін бай­қай­мыз. Өйткені, Қазақ­стандағы сайлау үдерісі өз дамуының елеулі асулы кезеңі­нен абыроймен өтті. Біз шын мәнінде де барлығы бірдей 100 пайыз дауыс беретін кеңестік баламасыз жүйеден қазіргі, ел аза­маттарына өздері­нің электо­рал­дық қа­лау­­лары­на сәйкес сайлау құ­қығын қалт­қысыз беріп тұр­ған жү­йеге келіп жеттік. Сол орайда сайлау үдері­сінің мә­де­ние­ті де, сай­лаушылардың осын­дағы мі­нез-құ­лық си­па­ты да ай­тар­лықтай күшті өзгеріс­терге ұшырады. Сайлаушы мәдениетінің бір белгісі оның белсенділігі деп саналса, осы ретте мына­дай бір маңызды жәйт­ке тоқталған жөн болар еді. Мы­салы, саяси институттар өкілеттік­тері­нің сайлаушылардың мі­нез-құлқына тигізер ықпалын сипаттау үшін батыс саясат­тануында «бірінші» жә­не «екінші» кезектегі сайлаулар ұғымы енгізілген. «Бірінші кезектегі сайлау» сай­лаушыларға елді бас­қаруға тиісті адам­дар­дың пайдасына таңдау жасау­ды ұсы­на­ды. Мұның өзі саяси нәтиже тұр­ғысы­нан алғанда неғұрлым маңызды болып табылмақ. Бұл санатқа парламенттік жүйе­лерде – парламент сай­лауы, президенттік жү­йе­лерде – президенттікке сайлау жатқы­зы­лады. Егер Қазақстандағы 1999 жылғы Президент сайлауын алар болсақ, онда 1998 жылы өткен бірінші қос палаталы Парла­менттің сайлауынан өзгеше, Президент сай­лауы «бірінші кезектегі сайлауға» жататыны айдан-айқын. Өйткені, оның нәтижелері ел­дің одан арғы саяси дамуына шешуші ықпал етті. Сондағы сайлаушылардың белсенділігі де осыны айғақтайды: Президентті сайлауға сай­лаушылардың 86,26 пайызы, ал Парламент сайлауына 62,56 пайызы қатыс­ты. Осылайша парламенттік сайлаумен са­лыс­тырғанда президенттік сайлаудың ба­­сымдылығы, ма­ңыз­дылығы паш етілді. Сонымен қатар біз содан бергі уа­қыт­та еліміздің бірнеше электоралды кезең­нен өткендігін білеміз. Осы уақытта Қа­зақ­стандағы жалпы сайлау жүйесі, сон­дай-ақ, оның барлық құрамдас буын­дары айрық­ша дамып, беки түскенін көріп отыр­мыз. Биылғы, тап бүгінгі Сенат сай­лауы нақ осы­ны көрнекі түрде дәлелдеп берді. Соның бір мысалына жүгінсек, заңнамаға сәйкес, Сенат депу­таттығына үміткерлерді мәслихаттар­дың, сондай-ақ өздерін-өздері ұсынуы қамтамасыз етілді. Біз сараптамалық тұрғыдан Алматы қаласының мысалына көбірек жүгіндік. Оңтүстік астана елдің бүкіл саяси реңкін өз бойына жинаған ерекше қала. Елі­міздің ең үлкен қаласынан біз үкі­меттік емес ұйымдардың, саяси партия­лардың, әлеуметтік топтардың, жай ғана белсенді азаматтардың алуан-алуан шоғырын бай­қаймыз. Сондықтан, Алма­ты­да бүкіл Сенат сайлауы науқанының өн бойында үміт­керлердің өз-өзін ұсынуы орайында жоғары белсенділік өрістегені таңқа­лар­лық жағдай емес. Алматы қаласының мәс­лихаты Парламент Сенатының депу­тат­тығына үміт­кер етіп «Нұр-Отан» ха­лық­тық-демо­кра­тиялық партиясы ұсын­ған Ақан Би­жановтың кандидатурасын қалалық мәс­лихат атынан тіркеп бекіткен болатын. Бұл адамды мегаполис жұрт­шы­лығы жақсы біледі. Ақан Құсайынұлы ел Парламенті Сенатының Алматы қаласы­нан сайланған 2005 жылдан бергі депу­таты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі ко­ми­теттің төрағасы. Сонымен бірге, саяси ғылымдар академиясының вице-президенті. Кезінде Алматы қаласы әкімі­нің орын­ба­сары болып та істеген. Елдегі танымал сая­сатшылардың бірі. Міне, нақ осы жағ­дайда сайлау нәти­жесі, ең алды­мен сенатор орынтағына үміт­кердің кәсіби тәжіри­бе­сінен туын­да­ға­ны­ ақиқат. Басқа өңірлерде де үміт­кер­лердің жеке басының тұлғалық қасиет­теріне басым­дық берілгені белгілі болуда. Барлық бай­қаушылар мен сарап­шы­лардың көзі осы­ған кәміл жетіп отыр. Жазып алған Қорғанбек АМАНЖОЛ.