26 Тамыз, 2011

Географиялық атаулар – таным қайнары

9 мин
оқу үшін
2002 жылғы 3 маусымдағы «Геодезия және картаграфия туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13-тармақ­шасына сәйкес геогра­фиялық атау­ларды стандарттау, есепке алу және қолдануды тәр­тіпке келтіру, Қазақстан Рес­публикасындағы географиялық атаулардың мемлекеттік ката­логын жасау және жүргізу мемлекеттік маңызы бар геодезиялық және картографиялық қызметке жатады. Географиялық атаулар қазақ­тың бірінші ғалымы Шоқан Уәли­хановтың қызметінде ерекше орын алды. Ол Орталық Қазақстан, Жетісу, Ыстықкөл, Шығыс Түркістан және Орта Азияның тарихи-геог­рафиялық жаз­басы мен геогра­фиялық атау­ларының шығу тари­хына көп көңіл бөлді. Халық аңыздары, ауыздан-ауызға тараған әңгіме­лер мен сөздерге сілтеме жасай отырып көптеген геогра­фиялық атаулардың мағынасын ғылыми тұрғыдан түсіндірді және этимо­логиясын ашты. Көрнекті қазақ ғалымы, академик Қ.Сәтбаев пайдалы қазба­лардың кен орындарын іздестіруде топонимдерді сенімді белгі­лердің бірі есебінде кездейсоқ енгізген жоқ. Топонимдерде ау­мақтарды қоныстанудың тарихи кезеңдері, адамдардың шаруа­шылық іс-қимылдары, байырғы көші-қондар мен ұлтаралық қа­рым-қатынастар, этностардың ареалдары, елде ғасырлар бойы болған тарихи, саяси және әлеу­меттік-экономикалық өзгерістер көрсетілген. Геог­рафия­лық атау­лардың мекен-жайлық және ғы­лыми-ақпараттық қыз­метімен қа­тар, мемлекетіміздің тәуелсіз­дігі және ұлттық басым­дығы мен мемлекет символын бекітудің бірден-бір құралы ретінде қызмет етеді. Географиялық атаулары жоқ кез келген картография көзі «тілсіз» болып есептеледі. Геогра-фиялық атаулар – карта тілі, ал топонимдер халықтың рухани бай­лығы мен даналығының орасан қоймасы бола отырып, мә­дениет пен халық ауыз шығар­машы­лығының ескерткіштері ретінде әрі қарай жинауды, сақ­тауды және ұқыпсыз пайдаланудан қорғауды қажет етеді. Географиялық атаулар мәсе­лесі көптеген жағдайларда мемлекет-ішілік, ұлттық мүдделер шеңбе­рінен шығып, халықаралық маңыз­ға ие болып кетеді. Біздің рес­публикамызда географиялық атаулар саласындағы жұмыстар 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қа­зақстан Республикасының Әкім­шілік-аумақтық құрылысы тура­лы» және 2002 жылғы 3 шілдедегі «Геодезия және картография ту­ралы» заңдарына, сондай-ақ Үкіметтің 1996 жылғы 5 нау­рыздағы №281 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республи­ка­сындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сон­дай-ақ, физикалық-геогра­фия­лық объектілерді атау мен қайта атау­дың және олардың атау­ла­рының транскрипциясын өзгер­тудің тәр­тібіне» сәйкес жүргі­зіледі. Осы мәселенің маңыз­дылы­ғын ескере отырып және Пре­зиденттің «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасы тура­лы» Жарлығын негізге ала отырып Жер ресурс­тарын басқару агенттігі 2001 жылы Қазақстан Респуб­ликасы­ның географиялық атаула­ры­ның мемлекеттік каталогын (ҚР ГАМК) жасау жұмыстарын бастап кетті. Ол жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстандағы геог­рафиялық атау­лар туралы ақпа­раттарды жи­нау, сақтау, жаңар­ту, енгізу, өңдеу жә­не түрлі тұты­нушыларды мәлі­мет­термен қам­тамасыз ету. Каталог жасау қажеттілігі, соны­мен қатар түрлі көздерден алын­ған геогра­фия­лық бір нысанның атаула­ры­ның түрлі нұсқада жазылуы­нан, сондай-ақ оларға геогра­фи­ялық терминдерді жаз­ған­дағы айыр­ма­шылықтардан туындады. Мемлекеттік каталог қалып­тастыру үшін база ретінде 1:100 000 масштабты мемлекеттік топографиялық карта алын­ды. Осы бойынша жұмыстарды Білім және ғылым министрлігі География институтының қаты­суымен Жер ресурстарын бас­қару агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» РМҚК жүргізді. Әлемдік тәжірибе база ретінде 1: 100 000 масштабты топографиялық картаны алып жасаған таңдауымыздың дұ­рыс­тығын дәлелдеп отыр. Топог­рафиялық картаның өзі де геог­рафиялық атау­лардың қоймасы, яғни, өз алдына каталог бо­лып табылады. Со­нымен бірге, ка­та­логтың мұн­дай түрі­мен жұмыс істеу кейде қиынға соғып жата­ды, сондықтан атауларды топог­рафиялық карталардан түсіріп алып, өзге көз­дерден алын­ған ақпарат­тармен то­лықтырып (тарихи, мұ­рағаттық және т.б.) және ар­найы тізімге немесе карточ­каға енгізіп отырады, жиынтығын белгілі бір жүйеге келтірген соң географиялық атаулардың каталогын қалыптастырады. Осы уақыт аралығында кітап және электронды нұсқа­сын­д­ағы мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстанның барлық облыста­рында географиялық нысандар­дың атаулары мәліметтерінің базасы жасалды. Кітап нұсқа­сының әрбір томында мемлекеттік және орыс тілдерінде облыс туралы қысқаша ақпарат, Қа­зақстан Республикасының кар­тасы, тиісті облыстың кар­та­сы, алғысөз, каталогтың ҚР ГАМК-да жасалуы туралы жә­не осы облыс үшін каталог құ­растыру туралы толық ақпа­рат, қазақша географиялық атаулар­ды орыс тілінде жеткізудің қа­ғи­дасы, каталогтың құрылымы бойынша жазбалар, каталог термино­логиясы, қысқартылған сөздер­дің тізімі, орыс және қазақ алфавиті бар. Кітап нұсқасындағы каталог­тағы географиялық нысандар­дың жазбасында географиялық ны­сан­ның жеке атауы (қазақ және орыс тілдерінде), нысан­ның бұр­маланған атауы, аты өзгерген нысандардың бұрынғы атауы, нысан түрі, нысан бойынша қосымша мәліметтер, осы облыс шеңберіндегі географиялық байламдар, аудандар бойынша әкім­шілік байламдар, географиялық атаулардың этимологиясы мен нақты мазмұны, бұрмаланған атау­ларға сілтемелер бар. ҚР ГАМК толық электронды нұсқасы 25 белгісі бойынша географиялық атаулардың жаз­басы берілген Қазақстан аумаған­дағы географиялық нысандар атауының жүйелендірген қорын ұсынады. Осындай көлемдегі және қа­лыптағы географиялық атаулар­дың каталогын жасау жұмыстары біздің елімізде алғаш рет қолға алынып отыр. Сондықтан құрыл­ған мәліметтер қоры уақыт өте келе өзіне саны жағынан да, са­пасы жағынан да географиялық нысан­дар сипатындағы үлкен ақпа­раттарды сіңіре отырып, респуб­ликамыздың топонимдерін жан-жақты және терең зерттеуге негіз болады деп болжаймыз. Көптеген елдердің география­лық атаулар саласындағы халық­аралық ынтымақтастықтың да­муының маңыздылығын түсінуі, БҰҰ түрлі органдарының елдер атауларының мемлекеттік тіл мен БҰҰ ресми тілдеріндегі қолда­нылуы бірдей болуына мүдделі болуы БҰҰ жанынан география­лық атаулар бойынша сарапшы­лар тобының құрылуына алып келді. Қазіргі уақытта оған Әзер­байжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Қырғыз Респуб­ликасы, Ресей Федерациясы, Тә­жікстан, Өзбек­стан және Украина сарап­шылары топтастырылған, ба­қылаушылар ретінде Қазақ­стан, Литва, Польша, АҚШ, Түр­кіменстан, Эстония сарап­шыла­ры қатысады. Бөлім өкілдері өз мемлекеттеріндегі географиялық атаулардың ұлттық стандарттау бойынша жа­салған жұмыстар туралы ақпа­рат­тармен бөліседі, география­лық атаулар бойынша заңнама, нормативтік және әдістемелік құжаттар әзірлеу жөніндегі, ұлт­тық элек­тронды каталогтарды әзірлеу ба­рысы, романизация­лаудың ұлттық жүйесін қолдану туралы мәселе­лерді талқылайды, географиялық атаулар бойынша картографиялық шығармалар мен анықтамалық басылымдар үлгі­лерінің тұсау­кесерлерін жасайды. Бөлім қызметінің негізгі ба­ғыттарының бірі халықаралық пайдалану үшін карталар шығару кезінде қолданылатын (романизациялау) латын графикасының негізінде транслитерлеу жүйесін келісу болып табылады. Қазіргі уа­қытта латын алфавитіне көш­пеген елдер (армян, грузин, қа­зақ, қыр­ғыз, тәжік, украин) басқа елдердің тәжірибесін назарға алып, геогра­фиялық атауларды романизациялау бойынша жұ­мыс­тар жүргізуде. Жұ­мыстар­ды үйлестіру БҰҰ Геогра­фиялық атаулар бойынша сарапшылар то­бының Балтық жағалауы бөлі­міне тапсырылды. Эстония өкілдерінің (үйлесті­руші) мәліметтері бойынша, БҰҰ қарары латындандыру жүйесін енгізуді қарастырды. Қазіргі уа­қытта БҰҰ географиялық атаулар жөнін­дегі сарапшылар то­бының Балтық бөлімі латын графикасы негізінде қазақ алфавитін транс­литерлеу жүйесімен айналысуда және олар романиза­циялаудың 1979 BGN/PCGN, ISO:1995 жүйесі нұсқасын ұсынады. Романизациялаудың ұсыныл­ған нұсқасы қазіргі әдеби қазақ тілінің нормаларына сай келмейтіндіктен Қазақстан ғалымдары латын ал­фавитінің қазақша нұс­қа­сын әзір­леді, ол қазақтың грам­мати­калық оқылуына дәл келеді, сонымен қатар, ақпараттық техно­логияларды пайдалану кезінде қолдануға жеңіл. Географиялық нысандардың атауларын ұлттық стандарттауды дамыту және оның негізінде халықаралық стандарттау жүргізу, географиялық нысандарға атау беру және географиялық нысан­дарды қайта атау саласындағы қызметтің құқықтық негізін орнату, сонымен қатар, географиялық нысандардың атауларын қалыпқа келтіру, қолдану, тіркеу, есепке алу және сақтау «Қазақстан, Респуб­­ликасындағы география­лық ны­сан­дардың атаулары тура­лы» заң жобасын әзірлеуді қажет етеді. Бақытбек НАҚЫПБЕКОВ, Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары, Марал САҒЫНДЫҚ, Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеодезия» РМҚК директорының кеңесшісі, техника ғылымдарының кандидаты.
Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Кеше