Қазақстан • 18 Мамыр, 2017

Еңбек әулеттерінің мерейін өсірді

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы еңбек әулеттерінің күнін атап өтті. Бірнеше жылдан бері өткізіп келе жатқан дәстүрлі шара Халықаралық отбасы күні мерекесіне орайластырылған. Ұрпақ сабақтастығын дәріптеуді мақсат ететін марапаттау жиыны ұжымдар ішінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға септігін тигізетіндігін айтады ұйымдастырушылар.

Еңбек әулеттерінің мерейін өсірді

Басқосуда «Самұрық-Қазы­на» АҚ басқарма төрағасы Өмір­­зақ Шөкеев компанияның ең­бек әулеттерін мерекелерімен құт­тық­­тады. «Самұрық-Қазы­на­да» 300 мыңға тарта адам жұ­мыс істейді. Компания ұжымы­ның қызметіне көп нәрсе байла­ныс­ты. Біз дағдарысты еңсе­ріп, ауқымды жобаларды қолға ал­дық. Бұл күнді Халықаралық отба­сы күнімен тұспа-тұс келті­ріп отырғанымыз да кездей­соқ­тық емес. Себебі, бұл – біз­дің мейрам», деген бас­­қарма төр­ағасы салтанатты шара­­ға қаты­су­шы­ларға сәт­тілік, шаңы­рақ­тары­на береке тіледі. Сонымен қатар, әр жұмыс­шының күш-жіге­рін, еңбегін әркез баға­лай­тын­дарын айтты.  
Биыл «Қордың еңбек әулеті» медальдарын Бабашевтар, Сай­­рам­баевтар, Трубалар, Кло­пов­тар, Пшенициндер, Елтаевтар, Мацюктер, Жаман­көзовтер, Кәкімановтар, Мұсағалиевтер әу­леті иеленді. Кейбір әулеттер­дің еңбек өтілі 300 жылдан асады. Айталық, «Тау-кен Самұрық» ком­­паниясында қызмет ететін Ба­­башевтар әулетінің еңбек жо­лы 373 жылға жалғасады. Ал Сай­рамбаевтар отбасы 317 жылдан бері ұрпақтан ұрпаққа мұра бол­ған бір саланың қызметін өріс­тетіп келеді. 
«Біздің темір жол сала­сын­да­ғы әулеттік еңбек жолын әкеміз Сайрамбай Маxанбет сонау 1928 жылы бастаған. Сонда 1974 жылға дейін еңбек етті. Біз алты бала әкеміздің жолын қудық. Ізін жалғап келеміз. Бүгін – аға буын үшін қуанышты күн, ал жас­та­рымызға үлгі. Біздің әулеттің ең­­бек өтілі 300 жылдан асады, бұл – ерекше мақтаныш», дей­ді «Қа­зақстан темір жолы» ҰК стан­­дарттау, сертификаттау және мет­рология орталығының басшысы Есентұр Сайрамбаев.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 

Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»