Елі мен жері үшін жанын пида еткен батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, талантты жандардың ақындық қабілетін шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың мынандай шарттары бар:
- Өлеңдер көлемі 15 шумақтан кем болмауы тиіс;
- Өлең жолдары, автордың толық аты-жөні және өзі туралы қысқаша мәлімет фотосуретімен, байланыс телефондары компьютерде 14-өлшемді (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен теріліп, электронды және қағаз нұсқада жолданылуы тиіс.- Байқауға 16 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады.
Байқауға материалдар 2017 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылады. Ол түскен шығармаларды жан-жақты қарап, өлең мазмұнына баса назар аударып, үздік деп танылған өлеңдерді іріктеп алады.
Қорытынды іс-шара 2017 жылдың шілде айының ІІ онкүндігінде өткізіледі.
Байқауға қатысушылар арнайы дипломмен марапатталады, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі:
І орын – 300 000 теңге;
ІІ орын – 200 000 теңге;
ІІІ орын – 100 000 теңге.
Барлық қатысушылардың өлеңдерінен арнайы жинақ шығарылып, ол Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі өткізілетін іс-шара қатысушыларына таратылатын болады.
Мүшайраға қатысушылардың материалдары 2017 жылдың 20 маусымына дейін Амангелді ауданының Ішкі саясат бөліміне пошталық мекен-жай бойынша (Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосы, Б. Майлин көшесі, 14 үй, 110200 инд) немесе sayasat_amangeldi@mail.ru электронды мекен-жайына жолдануы тиіс.
Қосымша мәліметтерді 8(71440) 22020 телефон нөмеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.