30 Тамыз, 2011

Мұғалім – мектептің жүрегі

647 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезең­де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру және ғылым саласын мемлекеттік саясаттың басым бағыты­ның бірі ретінде белгілеп, университеттік білім беру мен ғылымды да­мытудың жаңа деңгейін қамтамасыз ету керек деген міндеттемені үнемі алға қойып келеді. Қазір инновациялық саясат ең бірінші адами ресурстардың ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым дамуы­ның басым бағыттарына жұмылды­руды тездетіп, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пай­да­лануды талап етуде. Қазақстанның экономикалық көрсеткіші және ішкі нарығының динамикалық өсуі эко­номикамызға жаңа инвесторларды тар­туға негіз болуда. Біраз жыл бұ­рын мұнай және газ, шикізат өнімі ма­ңызды болса, бұл күнде қайта өң­дей­тін өндіріс орындары, телекомму­никация, ақпараттық технология, мұ­най химиясы, тағы басқа да өн­ді­рістің дамуына жол ашылып отыр. Білім беру мен өндірістің ұзақ жылдар бойына өзара байланысы үзілгендіктен, мамандарды дайын­дау сапасы да төмендеді. Бүгінде заман талабына лайық мамандарды, әсіресе, жаңа білімді қабылдай білетін мемлекет элитасын университет қабырғасындағы білім мен өндіріс­тің, жаңа технологиялардың тығыз бай­ланысы негізінде ғана дайын­дау­ға болатынына көз жетіп отыр. Осы­ған орай, жоғары технология мен ғылымның соңғы жетістіктерін білім берудің мемлекеттік стандарттарына міндетті оқу пәндері ретінде енгізу қажеттігі туындап отыр. Бұл жұмыс бізде оқытушылардың таңдауына берілген. Ал олар өздерінің ескі лек­ция­ларын оқудан жалығар емес. Бұ­ған енді төзуге болмайды. Пәндер тізбесін жасау, оны жаңа заңға сәй­кес оқу-әдістемелік және кадр мәсе­ле­лерін шешудің нақты жолдарына ыңғайластырып, Республикалық жо­ғары ғылыми-техникалық комис­сияға ұсыну керек. Жаңадан енгізілетін пәндердің мемлекеттік стан­дарт­қа кредит мөлшері бойынша са­ғат бойынша сыймау проблемасын жа­­ңа үлгідегі стандарттар арқылы ше­шуге болады. Атап айтқанда, пән­ара­лық байланысты жетілдіре оты­рып, ғылыммен ұштастыра енгізу қажет­тілігін бірінші ескеру керек. Білім беру мазмұнын осылайша модуль­ге бө­лу (модуляризация образо­ва­тель­­ных программ) жаңа үлгідегі стан­дарт желісінде артықшылығы зор. Аймақтық университеттердің білім беру қызметінің негізгі міндеттері – жастарға үздіксіз сапалы білім беру, қоғамның, аймақтың әлеумет­тік-экономикалық дамуына ықпал ету болғанымен, білім мен ғылым деңгейін көтеру оңай болмай отыр. Оның себебі, біріншіден, аймақтық жоғары оқу орындарына дайындығы орташа жергілікті жастар түседі, үз­дік түлектер астаналық жоғары оқу орындары мен шетелге оқуға кетеді. Ал, аймақтық жоғары оқу орында­рын үздік немесе жақсы бағамен бітірушілер жоғары оқу орнының ғы­лы­ми-педагогикалық қызметінде қа­лып, жұмыс істегісі келмейді. Өйт­кені, педагогикалық қызметтің жа­лақысы аз болғандықтан «мәрте­бе­лі» маман­дыққа санамай, өндіріс ор­ын­дары немесе кәсіптік құры­лым­дар­ға кетуге ұмтылады. Нәти­же­сін­де ғы­лы­ми-пе­дагогикалық жұ­мыс­қа білімі орташа немесе төмен студенттер тар­тылады. Бұл жағдай жалғаса беретін болса, жоо-ның сапасының төмен­де­уі мен жоғары білім жүйе­сі­нің дег­рада­ция­сына алып келетіні анық. Екіншіден, жыл сайын елімізде әр сала бойынша жоғары білімді мамандар қажеттілігіне талдау жүргі­зіледі. Сол талдау бойынша педаго­ги­­калық білімі бар мамандарға қа­жет­тілік өсіп отыр. Мәселен, Алма­ты облысында педагог кадрлардың тапшылығы әлі де орын алуда. Әсі­ресе, ауылдық жерлерде бұл мәсе­ле­нің күрмеуі шешілмей келеді. Мұ­ның бірінші себебі, 90-жылдары пе­дагогикалық мамандықтарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбеді. Екінші себебі, «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» бағдарламаларының жүзеге асырылып, мектептердің, мек­тепке дейінгі мекемелердің көптеп ашылуына қатысты болса, үшін­ші­ден, демографиялық жағдайдың жақ­­саруы, яғни, оқушылар санының ар­туына байланысты деп айтар едім. Үшіншіден, статистикалық мәлі­меттер бойынша «Білім беру» ба­ғы­тындағы мамандарды даярлау 14 па­й­ызды құрайды және «Техникалық ғылым және технологиядан» (24%) кейін екінші орынды алады. Отанымызда білім беруді дамы­ту­дың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагогтерге қойылатын талаптарды кү­шей­ту шаралары қарастырылған. 2015 жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына түсу кезінде талапкер­дің педагогикалық қызметке икемділігін анықтауға арналған шығарма­шы­лық емтихан енгізілмек. Егер шы­ғармашылық емтихан тек пе­­да­­гогикалық мамандықтарға енгізілсе, онда педагогикалық ма­ман­дыққа келетін талапкерлер саны күрт азая­тыны ақиқат. Сон­дық­тан әр талап­кердің мамандыққа икемділігін ан­ық­тауға арналған шығармашылық ем­тиханын бар­лық мамандықтарға енгізген дұ­рыс. Тағы бір ойланатын жәйт, бү­гінгі күні мұғалімдердің 83 пайы­зы әйел қауымы. Ал келешек жас ұрпаққа білім беруде ер мұға­лім­нің алар орны айрықша. Сондық­тан мұ­ғалімдердің беделін көтеру, оларды әлеуметтік жағынан қолдау, қорғау кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарастырылса оң нәтижеге қол жеткізілер еді. Енді осы мәселелерді шешу жо­лын қарастырсақ, 12 жылдық білім бе­­руге көшкенде профильдік мектепте жаратылыстану-математи­ка­лық жә­­­не қоғамдық гуманитарлық ба­ғыт­тар­мен бірге педагогикалық ба­ғыт­ты да енгізу қажет. Педа­гоги­ка­лық ба­­ғыт бой­ын­ша 10-11 сынып оқу­шы­­ла­ры ара­сын­да аудандық, қа­ла­лық, об­лыстық, рес­публикалық пәндік олимпиада өт­кізу тиімді. Педагогтардың статусын жоғары­лату мәселесінің шешуші механизмі ретінде жоғары оқу орындарының жергілікті билікпен облыстық және қалалық әкімшілікпен байланыс ор­натып өзара ынтымақтастықта бо­луын айтар едім. Ал, педагогикалық ма­мандықтарға қабылдау жүйесін жетілдіруде Білім және ғылым министрлігі жанынан жұмыс тобын құ­руы керек. Оның құрамына жо­ғары оқу орындары өкілдерін және об­лыс­тық білім департаментінің қыз­мет­кер­лерін енгізу қажет. Құрылған топтың мақсаты аймақ бойынша педаго­ги­ка­лық кадрлардың қажетті­лігін анық­тап, «Білім беру» бағыты бойынша мемлекеттік тапсырыстың негізгі бағыттарын анықтар еді. Жо­ғары білікті педагог мамандар да­яр­лаудың тағы бір тетігі, оқу ор­ын­дарының мектептермен тиімді бай­ланыс жа­сауы. Бұл жерде біліктілікті өзара жоғарылатудың жолын қарау керек. Жоғары оқу орнының оқы­ту­шысы мектепте, ал мектеп мұғалімі жоға­ры оқу орнында кәсіби біліктілігін арттырса құба-құп болады. Мысал ретінде, аталған мәселе­лер­­ді шешу мақсатында І.Жансүгіров ат­ындағы Жетісу мемлекеттік уни­вер­ситетінің атқарған жұмыстары­нан бірер дерек келтірейін. Университет педагогикалық мамандықтарға білім­герлерді оқыту мақсатында об­лыс­­тық әкімшілікпен тығыз байла­ныс орнатқан. Қазіргі таңда облыс әкі­мінің грантымен 164 студент білім алуда. Оның ішінде педаго­ги­калық м­а­мандық бойынша 85 студент оқи­ды. Сондай-ақ университет меморан­дум негізінде түлектерді қызметке орналастыру мақсатында облыстық білім департаментімен бірлесе жұ­мыс істеуде. Кәсіби педагогтарды үздіксіз даярлау мақсатында жоғары оқу орындары, колледж, орта мектептерде білім беруді интеграциялау қажет. Бұл бағытта біздің университет қаламыздағы № 5,10 және 20 мектептермен бірлескен «Жоо-колледж-мектеп (12 жылдық білім беру) үздіксіз білім беру жағдайында кредиттік оқыту технологиясы негізінде оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибелік моделін құру» жобасын іске асыруда. Нәтижесінде орта мектептерге оқы­тудың жаңа технологиясын енгізу, білім алушылардың ағымдағы, ішкі, және қорытынды жетістіктерін баға­лау, оқушы рөлінің, оқуды ұйым­дас­тырудың принциптеріне өзгертулер енгізілетін болады. Әбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор. Алматы облысы.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20