Біз Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентінде тұрамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзін теледидар арқылы тыңдап, көріп отырдық. Елбасының өзі де «Қазір тікелей эфирден біздің салтанатты жиналысымызды бүкіл еліміз көріп отыр. Сондықтан осы күрделі жылдарда Отанымыздың игілігі жолында біртұтас отбасы секілді жұмыла жұмыс істеген баршаңызға шын көңілден шыққан ризашылығымды білдіргім келеді. Еліміздегі барша қазақстандықтарға, қазір теледидар экранының алдында отырған әр қала мен ауылдағы адамдарға, тіпті осы мерекелі күндері жұмыстарын жалғастырып жатқандардың бәріне, барша азаматтарға – жұмысшылар мен фермерлерге, мұғалімдер мен дәрігерлерге, ғалымдар мен кәсіпкерлерге, өнер және мәдениет қайраткерлеріне, мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметкерлерге, жастарымызға ризашылығымды білдіремін», деді.
Әрине, жиынды тікелей эфир арқылы көрген біздің кент тұрғындары да, еліміздің басқа да халқы сияқты, ризалық білдіріп, жалынды сәлем жолдайды. Ал, біздің кент өндірісті кент, осы жерде әлемге әйгілі ГРЭС-2 стансасы орналасқан. Жалпы, тұрғындарымыздың саны әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған 7 мыңдай адамды құрайды. Былтыр Өзбекстан мен Моңғолиядан бірнеше отбасы көшіп келді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан есепте тұрған 4 оралман отбасы пәтерлер кілтін алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың жиында «Атамекеніне ағылған қазақтың көші 25 жылдан бері бір сәт те тоқтаған емес, қазір де жалғасуда...» деп атап өтуі де сондықтан. Біздің тұрғындарымыз Екібастұзда, өзіміздің стансада еңбек етуде. Барлығы да түгелдей еңбекпен қамтамасыз етілген. Өндіріс пен ауыл бір-біріне қарасып, бірлесе жұмыс жасауда. Станса – біздің кенттің басты демеушсі, қолдаушысы.
«Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы бірегей идеясын табысты жүзеге асырып жатырмыз. Бізде жұмыссыздық 2,6 есеге қысқарды. Соңғы бесжылдықта біз жылда орта есеппен 270 мың жаңа жұмыс орнын ашып келеміз. Кейінгі он жарым жыл ішінде орташа еңбекақы мен зейнетақы 10 еседен астамға ұлғайды. Ауылды көтерудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылды, ауылдықтардың тұрмыс деңгейі өсті», деп атап өтті Президент.
Кенттің негізгі саласы өнеркәсіп, сондай-ақ, мал шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Осы салтанатты жиында Елбасы «Біз – даламыз бен қаламызды бірге көркейткен қуатты халықпыз, Арқа төсіне Тәуелсіздігіміздің салтанатты символы – елордамызды орнатқан халықпыз» деп айтып өткені біздің де кентке айтылғандай, өйткені, кең далада орын тепкен кентімізді, биікке әуелеген стансаның алып мұржасы ерекше етіп көрсетеді. Мұнда тынымсыз еңбек, өйткені бұл жерде электр энергиясы өндіріледі. Қазір ГРЭС-2-де бірінші энергоблокты күрделі жөндеу аяқталды. Іске асырылған жөндеу жұмыстары энергетикалық жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуды, энергоблок жұмысының сенімділігін және үнемділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Елбасы жиында «біз экономиканың тиімді моделін жасадық. Бізде коммуникацияның, өндірістің, электр таратудың бірыңғай жүйесі болған жоқ. Біз оны Тәуелсіздік жылдары қалыптастырдық. Автомобиль жолдары мен темір жолдар біздің байтақ еліміздің әр тарапын тікелей байланыстырмайтындай етіп салынып, барлығы да солтүстікке қарай кететін», деп айтып өтті.
2014-2018 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасын әзірледік, оның негізінде осы бағыттарда мониторинг және жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Биыл мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалпы есепте тұрған 17 азамат тұрғын үй алды. Алдағы жылы кентте 700 оқушыға арналған қазақ мектебінің құрылысы басталады.
Маржан АЛШЫМБАЕВА,
Солнечный кентінің әкімі
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы

Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45