Біз, бүгінгі аға ұрпақ өкілдері, өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес Одағы атты алып империя күйреп, ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіздік қолымызға тигеніне бөркімізді көкке ата қуанғанымызбен, экономикасы тұралап, ауыр дағдарыс қыспағында қалған еліміздің ертеңіне алаңдап, бар үмітімізді сол кезде үлкен саясат аренасында жұлдызы жарқырай көрінген халқымыздың біртуар ұлы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырған болатынбыз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде басым көпшілігіміз ұлы Абайдың «Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел?!» деген дана сөзіне тоқтап, 1995 жылғы бүкілхалықтық референдумда елімізде күшті президенттік билік орнатуды қарастырған жаңа Конституцияны жақтап дауыс бергенбіз.
Біз қателескен жоқпыз. Антына адалдық, сертіне беріктік танытқан Тұңғыш Президентіміз тірелген тұйықтан шығар жолды жаңылыспай тауып, халқымызды жоқшылықтан молшылыққа қарай жетелей білді. Кеше иығымызға түскен зіл-батпан ауыртпалық бүгінде көрген жаман түстей болып қана жадымызда қалды. Жұрт еңбекақысы мен зейнетақысын айлап ала алмай, кедейшілік зарын тартқан, қалалықтар жарық пен жылуға жарымай, суық пәтерлерінде бүрсең қаққан, таратылған кеңшарлардағы тұрақты жұмыстарынан айырылған ер азаматтардың көбі екі қолдарына бір күрек таппай, жерге қараған, ал әйел-аналар қорадағы бір-екі сиырдан сауған сүті мен одан өндірген майын жинап, алыс-жақын қалаларға апарып сатып, шиеттей бала-шағасын асырауды өз мойындарына жүктеген қилы заманды еске алсақ, тәубемізге келіп, Елбасының қадірін ерекше сезіне түсеміз.
Наполеонның: «Егер арыстандарға қойды басшы қылып қойсаң, онда олар қойша жуасиды, ал керісінше жасасаң, қой екеш қойға да арыстанның жүрегі бітеді», деген сөзі рас. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың сонау, еліміздегі экономикалық дағдарыс еңсемізді әлі де езіп-жаншып тұрған 1997 жылы қабылдаған «Қазақстан-2030» Стратегиясының ойдағыдай жүзеге асырылуы айғақ. Басында оған күмәнмен қарағандар аз болмаса да, қалың бұқара буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас еліміз келешекте Тұңғыш Президентіміз айтқандай, барыс бейнелі, айбарлы да азулы мемлекетке айналатынына кәміл сенді және Елбасымыз биік мінберлерге шыққан сайын қайталап айтудан жалықпайтын басты құндылықтар – бірлік пен келісімнің арқасында асудан асуға көтеріліп, алға қойған айбынды мақсатына он бес жылдың ішінде қол жеткізді. Сөйтіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылып, Айды аспанға шығардық.
Әуелден «Алдымен – экономика, содан соң – саясат» қағидатын темірқазықтай бұлжытпай ұстанып, жас елімізді ширек ғасыр уақыт ішінде бүкіл әлем таныған, беделді де қуатты мемлекетке айналдыра білген Елбасы 25 қаңтарда халқымызға Үндеу жолдап, енді өз бастамасы бойынша қолға алынған бес институттық реформаны іске асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында елімізде елеулі саяси өзгерістер болатындығын мәлімдеді. «Біз ұсынып отырған реформа ең алдымен өз тәжірибемізге және Қазақстанның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейді. Реформалар бағдарламасы – ол Қазақстан
қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз. Жауап айқын және дәйекті – демократиялық даму жағына қарай», деді Мемлекет басшысы.
Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындаған ұлы мақсат – әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің озық отыздығына ену үшін осындай батыл да аса маңызды саяси қадамдар жасап, өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке бергелі отыр. Ал, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу – Парламент пен Үкіметтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жауапкершілігін барынша күшейтетіндігі сөзсіз. Біз алдағы уақытта парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал етуі, Үкіметтің өз өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы, Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібін оңайлату, сөйтіп биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа бақылау жасауын күшейту, жергілікті атқарушы билікке қатысты да Парламенттің рөлін арттыру жөніндегі ұсыныстар еліміздің заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органының мәртебесін айтарлықтай көтеріп қана қоймай, депутаттарға жүктелген жауапкершілікті де еселеп ауырлататынын санамызбен салмақтап, ұғынып отырмыз. Соған орай әрқайсымыз өзіміздің атқарып жүрген депутаттық қызметімізді сыни тұрғыдан талдап, оны жаңа да жоғары талаптарға сай жетілдіре түсуіміз қажет.
Елбасының өз билігінің елеулі бөлігін Парламентке өз еркімен беру жөніндегі кемел де бірегей шешімі елімізде парламентаризмді дамытуға үлкен үлес болып қосылары даусыз. Түптеп келгенде, Парламенттің өкілеттіктерінің кеңейтілуі іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттырып, бюджет қаржысының үнемді де ұтымды жұмсалуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі күшейтуге оң ықпалын тигізіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына соны серпін берері анық.
Елбасы ұсынған қисынды демократиялық өзгерістер уақыт сынынан өткен күшті президенттік билікті сақтай отырып, беделді Парламент пен ашық Үкіметті қалыптастыру арқылы елімізді Мәңгілік Ел болу жолымен одан әрі өрлеуге бастайтындығына сенімдіміз.
Кәрібай МҰСЫРМАН,
Парламент Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше