Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы жанындағы «Радиация. Экология. Денсаулық» проблемалық комитетінің 25 жылдығына орай Ұлттық кітапханада өткен дөңгелек үстелде қозғалыс төрағасы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған бірқатар танымал тұлғалар, белгілі ғалымдар аталмыш проблемаларды шешу жолдарын қарастырып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Проблемалық комитет төрағасы Айтқожа Биғалиұлы құрамына гендік модификацияланған организмдер (ГМО) қосылған азық-түліктердің әсіресе жас ұрпақ денсаулығына тигізетін зияндары жайлы айта келе, ең қауіптісі, ондай қоспалар гендік бақылаудан шығып кеткен жағдайда қайғылы салдарға ұшырататынына тоқталды.
Генетика ғылымы үшін ұлы жаңалық болғанмен, аз шығын, артық пайда көздеген өндірушілер үшін таптырмас табыс көзіне айналып бара жатқан ГМО өнімдерін қолданыстан ығыстырып шығарудың оңай еместігін айтқан Марғұлан Хамиев жиында өз ұсынысын ортаға салды. Еліміздің құрметті экологы, «Невада-Семей» қозғалысының Қарағанды бөлімінің төрағасы М.Хамиев халық күнделікті тұтынатын азық-түліктер өндірісіне, дәнді-дақыл егістіктеріне ГМО өнімдерін қосуға тыйым салу туралы заң қабылдау үшін Парламентке өтініш жіберу керек, дейді. ГМО қоспалы өнімдеріне «баяу жарылатын мина» деп баға берген ғалымдар бұл ұсынысты қызу қолдады.
Ж.Жиенбаев атындағы Өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының директоры Абай Сағитов пен «Жалпы генетика және цитология институты» РММ бас директоры Лейла Жансүгірова да ГМО проблемасына қатысты өз ойларын білдіре келе, мәселенің екінші қыры – агротехнологияда шығарылып жатқан кез келген жаңа сорттың модификациялық өзгерістер арқылы алынатындығын, ал ауыл шаруашылығындағы егістік атаулыға химиялық тыңайтқыш, пестицидтердің түр-түрі қолданылатындығын айтып, олардың да экологияға, адам денсаулығына тигізер зиянын мемлекеттік деңгейде көтеру қажет, деді.
Тартысты да қызықты пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстелде егістікті, жеміс-көкөністі табиғи органикалық заттармен залалсыздандыру маңызды әрі қажетті дескен генетика саласындағы ғалымдар гендік модификацияланған ағзалар мен улы пестицидтерді көптеп қолданатын өндірушілерге қарсы күрес ретінде арнайы заң қабылдату керек деген түйін жасасты.
Айта кетсек, 1991 жылы құрылған «Радиация. Экология. Денсаулық» проблемалық комитеті еліміз аумағындағы ядролық сынақтан және өзге де қоршаған ортаға әсер ететін техногендік апаттардан зардап шегушілерді сауықтыру жолында Қазақстан ғалымдары мен маман-дәрігерлері арасында ықпалды ұйымдастыру шараларын ұйымдастырумен айналысып келеді. Мысалы, осы комитет құрамындағы М.Жангелова, Ф.Қозыбаева, В.Инюшин, Ж.Мұстафина, М.Тонкопий сияқты бірқатар ғалымдар әзірлеген «Тұрмыстық және өнеркәсіптік қоқыстар мен радиоактивті қалдықтарды жоюдың биофизикалық технологиялары», «Биогенді су өндіру және қолдану арқылы толықжүйелі бекіре және қызыл балық шаруашылығын дамыту», «Радионуклидтермен және ауыр металл элементтерімен ластанған топырақ құнарлылығын қалпына келтірудің теориялық негіздерін әзірлеу» сияқты көптеген жобалар Халықаралық ғылыми-техникалық орталықта аттестациядан өтіп, 2017-2018 жылдары жүзеге асыру жолдары жоспарланып отыр.
Мира БАЙБЕК, «Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22