16 Наурыз, 2017

Қазақстанның қоғамдық мекемелері жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 5 жоба ұсынды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

VII Азаматтық форумның негізгі ережелерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық бастамалардың І Конгресі өтті, деп жазады strategy2050.kz.

Іс-шараны өткізуге мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының белсенді жақтастары – Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы бастамашы болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған бастамаға және іс-шараны ұйымдастыруға қолдау білдірді. Одан бөлек, Агенттік Азаматтық Альянспен, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығымен бірлесіп 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланған: - «құпия сатып алушы» әдісімен қоғамдық аудит; - мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысын қарастыру; - сатып алынатын қызметтер және тауарлардың дәлелденген бағаларына мемлекеттік сатып алуларды мониторингтеу; - еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және сыбайлас жемқорлық қатерлерін талдау; - «Жолдарда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 10 қадам». Жалпы, конгрестің қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бастамаларды жоғары бағалап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.