Көкшетау баурайындағы Жылымды ауылының перзенті Нұрпейіс Ақпарұлы Свердлов өрт-техникалық училищесін бітіргеннен кейін қызмет жолын Көкшетау облысының Володар және Рузаев аудандарындағы ІІБ-нің өрттен қорғау инспекциясының инспекторы болып бастап, осы мекеменің бас инспекторы, кейін, яғни 1975 жылы Талдықорған облысының, ал 1982 жылы Торғай облысының өрттен қорғау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1985 жылы оған өрттен қорғау саласындағы ұзақ жылдарғы еңбегі үшін КСРО Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник атағы берілді. Бүгінде өрт сөндіру саласында оның қарамағында жұмыс істеп, шәкірті болған қызметкерлерінен 12 полковник, 7 департамент басшысының тәрбиеленіп шығуы Нұрпейіс аға үшін үлкен мерей.
– Далалы жерде орналасқан Торғай облысы мен қызметпен ауысып барған жылы он тоғыз облыс көрсеткіштері бойынша ең соңғы орындардан ғана көрінетін. Еңбегіміздің жанғаны сол, 1989-1990 жылдары біз өз көрсеткіштерімізбен үшінші орынға көтерілген едік. Сондағы атқарған жұмыстарымыз ауыл-аймақты аралап техниканы пайдалану, қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңестер мен жиналыстар өткізуге бағытталған еді. Қыс болса мал қыстағын көріп, ескерту-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңір басшыларымен қоян-қолтық жұмыс жасадық, – деп еске алады Нұрпейіс аға өткен жылдарды.
Өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеген адам, ең алдымен, байқампаздық және байсалдылық қасиеттерге ие болуы керек. Жұмыста айғаймен шаруа тындыруға болмайды. Басшылық қызмет атқарғаннан кейін дауыс көтеріп, қарамағыңдағылардың абырой-намысына тию жөн емес. Жұмысты ақылмен ұйымдастыра білу керек. Сонда ғана қызметің алға басып, ойлағаның іске асады. Ардагер аға осылай дейді. Кеңес өкіметі тұсында «Ерікті жас өрт сөндірушілер клубы» жұмыс істейтін. Олар баланы жасынан өрт сөндіру қызметіне баулып, қайырымды істер жасауға үйрететін ұйым ретінде құрылған болатын. Балалар үшін тәрбиенің мәні жоғары осындай ұйымдар елімізде құрылса, жастар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, зиянды әдеттерден аулақ болып, адамгершіліктің жақсы қасиеттерін бойларына сіңіре алар еді деп ойлаймын.
Нұрпейіс Ақпарұлы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ел үшін еңбек етуін тоқтатқан жоқ. 1992 жылдан «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымының төрағасы, 1993 жылдан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, 1997 жылдан Көкшетау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, 1998 жылдан Көкшетау қаласындағы өрттен қорғау ардагерлері кеңесінің төрағасы, ал 2005 жылдан Төтенше жағдайлар министрлігі ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Тағдыр оны жастайынан өмір қиындықтарын жеңе білуге үйретті. Анасынан ерте айырылған ол әкесінің тәрбиесінде болды. Әкесі – Ақпар баласының білім алып, азамат ретінде қалыптасуына ықпал етті. Қай кезде болмасын туған ауылына бүйрегі бұрып тұратын азаматты ел тағдыры алаңдатпай қоймайтыны анық. Туған ауылы Жылымдыда жаңа мектеп салу мәселесін өз мойнына алып, депутаттар мен министрліктердің есігін біраз қағуға да тура келді. Нәтижесінде Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетованың хаты бойынша Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың бұйрығымен оның құрылысына қаражат бөлініп, жұмыс та басталған болатын. Өкінішке қарай, кейін құрылыс тоқтап, ондағы жұмыстар белгісіз уақытқа шегеріліп отыр. Нұрпейіс Ақпарұлының ауылда мешіт салу жөніндегі тағы бір бастамасы демеушілерден қолдау тауып құрылыс, Аллаға шүкір, басталып та кетті.
– Жұмысыңның жақсы жүруі, адамның абыройлы болуы отбасына, үйдегі жан жарыңа байланысты болады. Шолпан Махметқызы екеуміз, міне, 52 жыл бірге тұрамыз, алтын тойымызды атап өттік, екі ұл, екі қыз өсірдік, бес немереміз бар, балалардың барлығы жоғары қызметте, – дейді Нұрпейіс Ақпарұлы.
Осындай адамдар арамызда көп болса деп ойлайсың...
Жұлдыз АЙТЖАНОВА, журналист.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 22:37
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
Референдум • Бүгін, 21:51
Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті
Ата заң • Бүгін, 21:46
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Олимпиада • Бүгін, 21:15
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Қоғам • Бүгін, 20:42
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 20:34
Қоғам • Бүгін, 20:27
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Бүгін, 19:46
Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58