13 Қыркүйек, 2011

Қарадомалақтар қуанышы

424 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Баян­ау­ыл­дың қойнын­да­ғы көп ауыл­да­рдың бірі – Қара­­жар, екіншісі Қа­ратомар деп ата­лады. Екеуі де Ақсан ауылдық ау­ма­ғына қарай­ды. Қазір қарап отырғаны бір мектеп бол­ған соң, жыл сай­ын 1-сынып­қа келетін бала санының көбейгені әрине, ауыл үшін қуаныш. Өткен жылы бая­н­ауылдық 213 ана «Ал­тын алқа» алса, 272 ана «Күміс алқа» иегерлері атаныпты. Ал, елімізде қа­был­данған «Балапан» бағ­дар­ла­ма­сы арқылы мектеп жаны­нан ашылып жатқан шағын орта­лық­тар болса, үйде отырған ау­ыл­дың қарадома­лақ­тарын олардың, ата-аналарын тағы бір қуантты. Қа­ражар ауылындағы жалпы білім беретін орта мектептің негізінде ашылған «Нұрай» атты шағын орталыққа бұл күнде он бала келіп жүр. Аудан әкімдігі бұл ор­талықты ашу үшін 1 миллион 145 мың теңге жұмсапты. Мектеп дирек­торы Айнагүл Шомақо­ва­ның айту­ын­ша, ауылда бес жасқа дейінгі тағы да елу шақты бала бар екен. Қазіргі кезде шағын ор­талықты 20-30 балаға лайықтап қайта қалып­тас­тыру жұмыстары қолға алынуда. Ша­ғын орталықта ауылдың тоғыз адамы жұмыс жа­сайды. Мысалы, Ақбота Бапи об­лыс орталығындағы педа­гогика­лық колледж бітіріп, ал­ыс­­тағы ауылға келіпті. Ал, көршілес Қа­ра­томар ауылындағы жалпы білім беретін орта мектеп жанынан ашыл­ған «Мөлдір» атты шағын орта­лық­қа 43 бала келеді. Ауыл­дың қыз-келіншектеріне де жұ­мыс табылды. Екі шағын орта­лық­та да балабақ­ша­дағыдай бар­лық жағдай жасалған. Аудан әкі­мі Ернұр Айткеновтың айту­­ын­ша, ауыл іші «Балапан» – игілікке, жақ­сылыққа орай жасалған бағ­дарлама деп отыр екен. Ал, ауданда қазіргі кезде 15 ауылда осын­дай шағын орталықтар және 4 ба­лабақша жұмыс жасайды. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.