Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылжар өңіріне жұмыс сапары облыс диқандарын биік белестерге ұмтылдырып, егін орағын ұйымшылдықпен өткізуге ерекше дем берді. Мемлекет басшысы солтүстікқазақстандықтардың жауапты науқанды ұйымдастырудағы біліктілігін атап көрсетіп, мол астықты ысырапсыз жинап алатынымызға үлкен сенім білдірді. Тәуелсіздігіміздің мерейлі мерекесі қарсаңында сертке сай серпін көрсетуді ақжарлықтар да үлкен абырой санайды. Қазірдің өзінде бірқатар шаруашылықтар астық жинауды бітіріп, келесі жылдың қамына кірісіп кеткен.
Мәселен, облыстық мәслихаттың депутаты Мұхамеджан Лұқпанов басқаратын «Лұқпанов» ЖШС 2300 гектар алқаптың егінін ысырапсыз қамбалап алды. Гектар берекелілігі 17,5 центнерге жетті. Г. Митина жетекшілік ететін «Митин» ШҚ шығымдылықты 18 центнерден айналдырды. «Нан» шаруа қожалығы да биік табыстарға қол жеткізді. «Агротехника Ақжар», «Менжін», «Киевское Север» секілді серіктестіктер мәреге таяу. «Бұланбай» ШҚ әр гектардан 25 центнер дән жинап, жарыс көшін бастады.
Ақжар – астықты аудандардың бірі. Соңғы 5 жылдың ішінде тың және тыңайған жерлерді игеру есебінен егіс алқаптары 320 мың гектарға дейін ұлғайды. Дәнді дақылдар негізінен жазық далаларда өсірілетіндіктен, сапасы жоғары, балуызы 23-тен кем емес. Былтыр қуаңшылыққа қарамастан, түсімділік 12 центнер болса, биыл 17,5 центнерден алудамыз. Жыл өткен сайын мемлекеттің аграрлық салаға деген қаржылық қолдауы артып келеді. Бұрындары шет елдердің техникаларын сатып алуға инвесторлар ғана қауқарлы болса, қазір машина-трактор паркін серіктестіктер мен шаруа қожалықтары да жаңарта бастады. Соңғы 5 жылда 6,7 миллиард теңгеге 400-ден астам шет елдердің қуатты техникалары әкелінді. Көктемгі, күзгі дала жұмыстарының 75-80 пайызы осындай алымды техникалармен атқарылады.
Ғылым жетістіктері мен озық технологиялар да кеңінен қолданылады. Президент осы жолғы жұмыс сапарында ылғал сақтаудың нөлдік технологиясын кеңінен игеруге тапсырма берді. Ауданда ылғал сақтаудың, топырақтың құнарлылығын кемітпейтін тәсілді қолданатын агроқұрылымдар баршылық. Жұмысты талапқа сай ұйымдастырудың арқасында күн сайын 11-13 мың гектар алқаптың астығы бастырылуда. Ораққа 400-ге жуық комбайн тартылған. Жанар-жағар майдан тапшылық жоқ. Тасымалдау жұмысы екі ауысымда атқарылып, қырмандар мен элеваторларда да жұмыс қызу өріс алған.
Сөз арасында Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауынан туындайтын талаптарға сәйкес ұшқыр жобалардың іске асырылғанын айта кеткен жөн. Солардың бірі – Ащыкөл ауылында бой көтерген 60 мың тонналық астық қабылдау кәсіпорны. Оның құрылыс жұмыстары мен жабдықтау қондырғыларына 600 миллион теңге жұмсалды. Астық қабылдау, кептіру, тазалау және сақтау компьютер арқылы атқарылады. Әрқайсысы 10 мың тонналық 6 сыйымдылық, астық өңдейтін және кептіретін қондырғылар, қозғалтқыш тасымалдағыштар, жүк вагондары мен автомобильдерге арналған электронды таразылар шетелдердің озық технологиясына негізделген. Биыл астықтың күткендегіден де мол болатынын ескеріп, оны сақтау мәселесіне айрықша назар аударып отырмыз.
Астық өндірісі саласындағы биік белесіміз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесіне арналған торқалы тартуымыз болмақ.
Ағзам ТАСТЕМІРОВ, Ақжар ауданының әкімі.
Солтүстік Қазақстан облысы.

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 22:37
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады
Референдум • Бүгін, 21:51
Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті
Ата заң • Бүгін, 21:46
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады
Олимпиада • Бүгін, 21:15
Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
Қоғам • Бүгін, 20:42
Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 20:34
Қоғам • Бүгін, 20:27
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Бүгін, 19:46
Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Бүгін, 18:49
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Бүгін, 18:22
Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
Ата заң • Бүгін, 18:12
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:08
Елімізге Азиядан келетін инвестиция көлемі 68 млрд долларға жетті
Экономика • Бүгін, 17:58