15 Қыркүйек, 2011

Білім мен кәсіп ұштасса, ауыл ажары кіреді

463 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Сапалы білім беру – қай кезде болмасын қоғамның басты құнды­лықтарының бірінен саналады. Кім­ді және қалай оқыту, қанша­­лықты және неге үйрету тәрізді ерекше қо­ғамдық маңызы бар мәселелерді Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында нақтылап береді. Сол бойынша ба­ғыт-бағдар айқындалып отырады. Студенттермен тұрақты қарым-қатынас жасау тәжірибесі бізді мы­­­на­дай тұжырымға жетелейді: олар­­дың көпшілігіне кредиттік оқыту жүйесінде мұғалімдермен етене араласу, яғни білімге талпыныс пен білім алу кезінде өзара сенім арқылы жұмыс жасау екі жаққа да тиімді. Бұл үрдіс диалог форма­сын­дағы ау­диториялық сабақ, дөң­гелек үстел­дер, іскерлік ойындар, семинарлар түрінде жүргізілсе тіпті құба-құп. Студенттердің таным­дық белсенділігін арттыруда оқы­тушы жетекшілігімен өтетін өзін­дік жұмыстардың көр­сетер көмегі шексіз. Оқытудың жаңа техноло­гиясы студенттерден тың­ғы­­лық­ты жұмысты талап етеді. Қабыл­данатын жаңа ақпараттар кө­ле­мі­нің өсуіне қарамастан, олар бұл жүк­те­ме­лерді қызығушылықпен ор­ындайды. Кредиттік жүйемен жаңаша оқы­­тудың соңғы жылдардағы тә­жірибесі бізді әлемдік білім беру кеңістігіне сындарлы қарап, отан­дық білім беру жүйесінің көп­жыл­дық тәжірибесін жоғалтпай, оны дұрыс бағалауды да үйретті. Жүр­гізілген сараптама осы жылдары университетіміздің про­фес­сор-оқы­тушылар құрамы әлем­дегі озық білім орындарының оң тәжірибе­ле­рін ескере отырып, оқу жүйесіне академиялық еркіндікті, оқы­ту­шы­лар мен студенттердің ұт­қы­рлы­ғын, оқытуды дербестендіруді қол­ға алды. Мұның мүлтіксіз жүзеге асуы көбінесе студенттерге байла­нысты болатыны түсінікті. Осыған орай, технологияның негізгі элементтерін түсіндіру, пән­дер­ді таңдап алу мен білім беру ау­қы­мын қалыптастыру бойынша әрбір студентпен жеке жүргізілетін жұ­мыс­тарды күшейтуге тура келеді. Білім берудің жаңаша бағ­дар­ла­масына сай оқып-үйренудің оңтай­лы тізбектілігін таңдау арқылы танымдық жүйеге өздігінен оқуды ендіреді. Бұл студентті ізденуге, алға ұмтылуына жетелейді. Білім алу бір аудито­рия­лық сабақтан ек­ін­шісіне көшудің ор­нына, сол ор­ында келесісіне жал­ға­сып отыра­ды. Осы қадам талапкер­лер­дің таң­даған мамандыққа қатыс­ты пән­дер­ді игерудің сапалық дең­гейіне оң әсерін тигізеді. Алдағы уақытта Білім және ғы­лым министрі Б.Жұмағұлов жоо студенттері мен педагог маман­дар­дың академиялық мобильділігін, бі­ліктілігін арттыруға айрықша кө­ңіл бө­лі­нетінін атап айтты. Соңғы 3-4 жылда 75 мың маман шетелге ба­рып, өзге елдердің білім берудегі, оқыту­дағы озық әдістерін мең­ге­ріп қай­та­тынын да назарға сал­ған бола­тын. Мысалы, Болон про­цесінің негізгі қа­ғидаты бойынша студент­тер­дің ака­де­миялық мобиль­ділігі Еуропа елдерінде бы­лайша жүзеге асады. 1 млн. студент «Эраз­мус» бағдар­ла­ма­сымен жыл сай­ын бір семестр немесе бір курс мықты ғылыми мектептері бар, ізденіс зертханалары дамыған басқа елдерде білім алуын жалғастырады. Кредиттік оқыту технология­сы­ның ерекше артықшылығы – жоғары оқу орындарына академия­лық еркін­дік­тің берілуі дер едік. Университеттегі оқу жүйесін ұй­ым­дастырудың не­гізі – оның ашы­қ­тығы мен ұтқыр­лы­ғы. Бұл қалай іске асады дегенге келсек, ма­ман­дық бойынша оқу жос­парын жасау, әр факультетте таңдап алына­тын пәндер құрамын анықтау, оқы­тушының еркіндігі мен пән маз­мұнын қалыптастыра алу, сонымен бірге, студент жекелеген пәндер мен білім алу кезінде мұғалімді таңдау негізінде шешімін табады. Іс жү­зінде оқытудың кредиттік тех­ноло­гия­сының қорытындысына бақылау жүргізгенде әрбір сту­дент­тің нақты алған білімі, оның деңгейі мен дағ­дылары, сондай-ақ оқу-әдістемелік және қажетті маманмен қамтамасыз ету пәнінің дәрежесі анық көрінді. Яғни, за­манға қарай талпыну, оң нәтиже бере бастады деген сөз. Білім алудың кредиттік техно­ло­гиясы студентті білім беру жү­йе­сінің белсенді қатысушысы бо­луға бау­ли­ды. Олардың оқытушы­мен бірге көпте­ген түйткіл мәсе­лелерді шешу жо­лын іздеп, өзді­гінен жұмыс жасауға ұмтылуы кө­ңілге қуаныш ұялатады. Жаңа жағ­дайда оқытушы сабақты өт­кізуге бағдарламалық оқу мате­риа­лын ғана емес, өзінің өмірлік кәсіби тәжірибесін де пайдаланады. Әлем­­дік практикада кредиттік оқыту тех­нологиясы оқытушылардың ұда­йы қайта дайындықтан өтуін, кәсіби өсу­ін міндеттейді. Пәндердің мазмұнын, сабақты жүр­гізу әдістемесін өздігінен ан­ық­­тау мүмкіндігі мен еркіндігі, ака­де­мия­лық рейтинг аясында оның жұ­мысын жылдық бағалау­ды, оқыту­шы­дан ғылыми-зерттеу жұмысын жан­дандыру мен біліктілігін әрдай­ым арттыруды талап етеді. Маман­дарды дайындауда оқы­тудың кредиттік жүйесіне кө­шу материалдық-тех­никалық база­ны, соның ішінде пән­дер­дің ақпа­раттық қамтамасыз етілу талапта­рымен тығыз байланыста бо­лады. Оқу-зертханалық, ғылыми-зерт­теу орталықтардың болуы, оқы­ту­шы­ның полиграфиялық және компьютерлік салаларды жетік білуі, оқу жүйесін компьютерлендіру бі­лік­ті­лігінің жоғарылығы үлкен мін­дет­тердің орындалуына жол ашады. Отанымыздың даму страте­гия­сын айқындаған Елбасы Н.Назарбаев: «Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына тек жоғары білімді қоғам арқылы ғана кіруге бо­лады», деп қазақстандықтардың ал­ды­на қой­ылған міндеттерді шешу ісінде білім берудің рөлін ерекше атап өтті. Қазір ауылға бет бұрдық. Ау­ыл­дың гүлденуі туралы Мемлекет бас­шысы әркез айтып, алдымызға ау­қым­ды міндеттер қойып келеді. Ау­ыл­шаруашылық кешені үшін бәсе­ке­ге қабілетті маман дайындау сапа­сын арттыру да үлкен міндет екені айдан анық. Бұл біздің оқу орнына тікелей қатысты. Соған орай, Ұлт­тық ғылы­ми академия­сы­ның академигі, университет ректо­ры Т.Есполов бастаған ұжым жасап жатқан жұмыстарға да тоқтала кетсем деймін. Оқу үрді­сі­мізде студенттердің ғылыми жұмыс­пен айналысуына мүм­кіндік беретін зерттеу инсти­ту­тының зертхана­ла­ры, зауыттардың конструкторлық бюро­лары, тәжі­ри­бе­ден өтуге ар­налған алдыңғы қатар­лы шаруа қожа­лық­та­ры, сондай-ақ білім ор­дасының «Агроуниверситет» оқу-өндірістік ша­руа­шылығы тұрақ­ты жұмыс істейді. Университет ғалымдары іргелі жә­не қолданбалы зерттеулердің ба­сым бағдарламалары бойынша ғы­лы­ми конкурстарға белсене қаты­су­ды да жоспарлап отыр. Қатысып та жүр. Соңғы үш жылда оқу ауди­то­риялары мен зертханаларында са­­бақ­тарды инновациялық технологиямен жүргізу мақсатында 173 млн. теңгенің заманауи техно­ло­гия­лық жабдықтарын алу көзделуде. Президенттің 2011 жылғы Қа­зақ­стан халқына Жолдауында 2020 жыл­ға қарай халықты сапалы ауыз сумен қамту, ол белгіленген бар­лық санитарлық нормаларға жауап беру қажет екенін атап айтқан бо­латын. Осы өзекті мәселеде қолда­натын суды өңдеу, тазарту және қайта пайдалану жағы тиянақты қарасты­ры­л­май отыр. Айта кететін жағдай, су көздерінің маңында жа­йылып жүр­ген малдардан немесе мал фермала­ры­нан шыққан орга­ни­калық қалдық­тар жаңбыр және қар суларымен қо­сылып, өзен жә­не көлдерді ластай­ды. Ол түрлі патогенді, жұқпалы ау­руларды тара­тып, судың сапасын тө­мендетеді. Ветеринарлық-санитар­лық жағда­йдың құлдырауына әкеліп соғады. Мысалға, 100 000 бас ірі қара ма­лынан шыққан органикалық қал­д­ықтар 1 млн. халқы бар қаладан шыққан қалдықтармен бірдей екен. Иә, ауыз судың сапасына сани­тар­лық сараптама жасау жағы ой­дағыдай емес. Жасыратыны жоқ, соңғы 20-25 жылда судың құрамын анықтайтын гидропостар мен зерт­ха­налардың саны 20-30 пайызға азай­ғаны және қолданылатын жаб­дық­тардың ескіргені байқалып отыр. Осы аталған мәселені шешу мақ­са­тында Қазақ ұлттық аграр­лық университеті судың сапасын бақылауға және сараптауға арнал­ған алдыңғы қатарлы зертхана жұмысын жан­дан­дырып, заманауи құралдармен, қон­дырғылармен то­лық жабдықтады. Су­дың құра­мын­дағы химиялық эле­мент­терді, эл­ектрөткізгіштігі мен тем­перату­ра­сын және сутегі көрсет­кіштерін анықтайтын кондуктометр Metro­hm (Швейцария), зертханалық pH – метр, автоматты титратор Titra­zando (Швейцария), спектрометр УФ-SPEKOL1300 (Германия) бар. Судың сапасын бақылауға және анықтауға арналған бұл құрал­дар­дың мүмкіншілігі өте жоғары, 52-ге жуық көрсеткішке дейін химия­лық-санитарлық сараптама жа­сай­ды Ол арнайы компьютерлік Win AA бағ­дарламалармен қамтамасыз етілген. Келешек су мамандарына уақыт та­ла­бына сәйкес сапалы білім беруге қажетті ресурстар жеткілікті. Егер білім беруді өндіріс саласына те­ңей­тін болсақ, онда оны мүмкіндігінше қалай жүргізу, қызмет тармақтарын талапқа сай бағалау қажет екенін анықтап ал­ғанымыз жөн. Біздің ойы­мызша, білім беру тек қана жоғары оқу орындарының ғана құзырлы ісі емес. Бұл – бүкіл елдік іс. Сол үшін де Мемлекет басшысының ерекше мән беріп отырғаны. Ау­қым­ды шара­ны баянды ету бары­сында түлек­тер­дің кәсіби қауым­дас­тықтарын құру қажет деп білемін. Бұған бірінші кезекте жұмыс берушілер атсалысса, нұр үстіне нұр. Сол секілді оқу­шы­лар мен студенттер арасында әлеу­мет­тік зерт­теулер жүргізу, білім беру ұй­ымдарымен бірлесе отырып білім берудің жаңа жүйесін жасау жұ­мыс­­та­рын ұйымдастыру арқы­лы да көп шаруаны тиянақтауға болады. Осы арада өзімді толғандырып жүрген мәселелер туралы да аз-кем айта кетсем деймін. Шалғай ауыл­дар­да жас мамандарға тиісті жағдай­лар­дың болмауы, еңбекақы­ның тө­мендігі түлектердің ара­сы­н­да маман­дық­қа деген аса қызығу­шылығын туғыза қоймайды. Сол себептен де қалтасында дипломы бар жастар қалада, қала маңында қалып қоюға талпынады. Мемлекеттік тапсырыс­пен, яғни грантпен оқып бітірген мамандарға Үкімет және жергілікті әкімдіктер тара­пынан жеткілікті кө­ңіл бөліне бермейді. Әрине, сөз жү­зінде бар­лық жағдай жасалуда дейміз. Шын мә­нінде, бұл жағы олқы соғып жат­қанын мойындауымыз керек шы­ғар. Диплом алып ауылға ба­ратын жас мамандардың әлеумет­тік қор­ғалуына барлық деңгейдегі ел бас­қаратын лауазым иелері қам­қор бол­са, жастар елді ме­кен­дердің ал­тын тұғырына айналар еді. Сон­дай-ақ, ауыл шаруашы­лы­ғында шет­елдік техникамен жұ­мыс істейтін механизаторлар үшін мемлекет­тік тіл­дегі техникалық әде­биеттің қажет­тігі ай­қын бай­қала бастады. Ауыл – қазақ ұлтының негізі, өмір сүретін ортасы. Сол себепті, ауыл жастары білімді болып, тех­ни­каны терең меңгерсе, ұлт ұтыл­мас еді. Есте ұстайтын ай­рықша мә­селенің бірі сол – ұлт қау­іп­сіз­дігінің негізін азық-түлік қауіп­сіз­дігі құрайды. Бұл үшін теориялық білім мен кәсіби тәжірибені ұш­тас­тырсақ, болашақта ауыл ажа­рын аша­тын маман дайындау заман та­лабына сай болары шүбәсіз. Әбдінәби АУЛАНБЕРГЕНОВ, техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі.