16 Қыркүйек, 2011

Екі жаққа да тиімді болмақ

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұха­мед­жанов Германия Федеративтік Республикасының Бундес­т­а­гы­нан келген делегацияны қабылдады, деп хабарлады осы па­ла­та­ның баспасөз қызметі. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақ­тас­тық байланыстардың өрістей түскенін атап өтті. Осы сөзіміздің дәлеліндей, 2009 жылы Қазақ­стан­ның Германиядағы жылы және 2010 жылы Германияның Қа­зақ еліндегі жылы табысты жү­зеге асқаны анық. Екі елдің ара­сындағы парламентаралық бай­ланыс та жылдан-жылға ны­ғайып келеді. 2010 жылдың қорытын­дысы бойынша Германия Қазақ­станмен сауда-экономикалық бай­ланысы алтыншы орынға көтерілді. «Германия Қазақстанның кәрі құрлықтағы және Еуропалық Одақтағы сенімді әріптесі болып табылады», – деді Орал Мұха­мед­жанов. Бүгінгі басқосуда негізінен тұрғындарды азық-түлікпен қам­та­масыз етудің жолдарын заңмен реттеу жайы сөз болды. Өйткені, бұл ХХІ ғасырдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасы Бундес­та­гының депутаты, ХДС/ХСС фрак­циясының азық-түлік, ауыл ша­руашылығы және тұтыну­шы­лар құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Петер Блезер мырза халықты азық-тү­лікпен қамту мәселесіне ерекше тоқталды. Ол алдағы уақытта Жер шарындағы халықтың саны 7 миллиардқа жететінін тілге тиек етіп, ауыл шаруашылығы өні­мінің өзектілігі арта түсетінін жеткізді. Сондықтан ауыл шаруа­шылығының рөлі күшейетіні сөзсіз. Осы орайда мейман ұлан-ғайыр даласы бар, пайдалы қазба байлығы мол Қазақстанның келешегі зор екенін айтты. Табиғат байлығын игеруде Германияның тәжірибесі екі елге де тиімді болатыны анық.
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22