17 Қыркүйек, 2011

Байқауға «Риелтор» де қатысады

362 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Биылғы «Еуразия» кинофестивалінің ха­лық­аралық конкурсына қатысатын  карти­­наның бірі «Қазақфильмнің» Short Brothers сту­дия­сымен бірігіп түсірген, режиссер Әділхан Ер­жановтың «Риелтор» атты толық метражды көркем фильмі. Кеше ғана  Т.Жүргенов атын­­­да­ғы Қазақ ұлттық өнер акаде­ми­я­сын аяқтаған жас режиссердің бұл жұ­мы­сы отандық кинемато­гра­фиядағы фан­тастикалық, шым-шы­тырық оқи­ғалы комедияның ең ал­ғашқы қар­лығашы деуге сұранып-ақ тұр. Ақиқатына жүгінсек, бастап­қы­да «Риелтор» картинасы тартым­сыз, біздің қоғамның тек сүреңсіз жағын көрсетуге құмар, тек бай­қау­лар үшін түсірілетін киноленталар қатарында көрінгені де рас. Алайда, сарказмға толы сатира біртіндеп кө­рерменді өзіне тарта бастайды. Ре­жиссердің өз идеясын жеткізу ба­рысында  күт­пе­ген шешімдерге бара алатынын тү­сіне бастайсың. «Ри­елтор» кар­ти­насы – стандартты сатира емес! Мис­тикалық жағдайда басталып, бір­ден Алматының түнгі клубта­рын­дағы жын­­­­ойнақ өмірге ұласып ба­рып, көш­пенділер зама­ны­нан бір-ақ шы­ғаратын фантас­ти­калық комедия­дағы жасырын тра­гедияны оқу үшін кө­­рер­мен де режиссермен деңгей­лес, тіпті болмаса идеялас болуы қа­жет сияқты көріне береді.  Жас режис­сер­дің ұшқыр қия­­лына тек фильм аяқ­талғанда ғана тәнті бола бастайсыз. Айтқандай, бұл фильм былтыр шілде айында Алматы облысын­да­ғы Іле өзенінің маңында және Ал­ма­ты қаласында түсірілген. Биыл «Риелтор» фильмі прокатқа шығуы тиіс. Қысқасы, фильм басты кейіпкері Дариктің (актер Дәурен Қасенов) айналасында өрбиді. Даңғаза өмірді жақсы көретін, отыздан асып, орда бұзбақ түгілі, бір қызды да бақытты ете алмаған жетесіз құмар ойын­да­­­рының кесірінен қарызға батып қал­­ғанын өзі де байқамайды. Құбы­жық секілді Құрбан (актер Құрбан Мәме­­талиев) өз қожайынына сол қарызды қайтарып, болмаса Дарик­тің жанын жаһаннамға жіберу үшін жүрген жан. Алайда, оқиға өрби келе осы екі ор­тадағы еңгезердей жан­дайшаптың жүрегі жұмсақ, сә­би­дей аңғал  екені көрінбек. Ал бұл белгілі болғанға дейін Дарик ауы­лындағы кемпір-шал­дың 2 гектардай жері бар екендігі есіне түсіп, бір жаны үшін сол жер­ді  шетелдіктерге сатпақшы бо­­ла­­­ды да, аяқ ас­тынан екеуі риелтор болып шыға келеді. Қызық та, шыжық та осы жерде жатқан ата-бабалардың ба­сына қойылған ескерткішті орны­нан қоз­ғап, құлатудан басталады. Ғажайып бір күштің көмегімен ықылым замандардан бір-ақ шыға­тын Дарик пен Құрбан уақыт қал­тарыстарынан кімдерді кездестірмеді десеңізші?! Әртүрлі кейіпкерлер, сан алуан мүдделер. Сценарий авторын жазған да режиссер Әділхан Ержановтың өзі. Ол бұған дейін де, яғни 1999 жылы «Хабар» АҚ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атты мультфильмдер сериа­лына жа­риялаған байқауда сценарий жеңім­па­зы атанған.  Фильмнің қоюшы-ре­жиссері – Азиз Жамбакиев. Қоюшы-суретшісі – Екатерина Ефименко Айналасы 3-4 жылдың ішінде жас режиссердің «Автопортрет» «Қа­­­­ратас», «Ағайынды Шорттар» атты көркем фильмдері халық­ара­лық және отандық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындар­дан да көрініп үлгерді.  Ал «Ба­қыт­жамал» атты қысқа метраж­ды кар­тинасы 2007 жылы «Шәкен жұл­дыз­дары» кинофестивалінің бас жүл­десін жеңіп алған болатын. «Еуразия-2008» халықаралық к­и­нофестивалінде режиссурадағы тың ізденістері арқылы ауызға ілігіп, арнайы марапатталған қазақ режиссерінің осы жолы да айы оңынан туып, жүлделі орындардан көрініп қалуы ғажап емес. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.