28 Қараша, 2016

Мемлекеттік хатшыға 9 ел сенім грамотасын берді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға Қазақстанда төтенше және өкілетті елші міндетін атқаратын 9 елдің өкілі сенім грамотасын тапсырды. Бұл салтанатты рәсім ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілді. Маңызды жиынға Буркино Фасо – Антуан Сомда, Ұлы Люксембург Герцогтігі – Жан-Клод Кнебелер, Жаңа Зеландия – Ян Хилл, Черногория – Игорь Йовович, Исландия Республикасы – Сигридур Берглинд Асгейрсдоттир, Молдова Республикасы – Думитру Брагиш, Парагвай Республикасы – Рамон Антеро Диас Перейра, Руанда Республикасы – Уильямс Нкурунзиза, Судан Республикасы – Надир Юсеф Аль-Тайеб қатысты. Мемлекеттік хатшы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталауымен құттықтап, олардың қызметтері елдер арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін өсіруге ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақырды.