17 Қыркүйек, 2011

Тұңғыш саңырауқұлақ фестивалі

349 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алтын күз –  жиын-теріннің ғана емес, жұмыстың да қайна­ған кезі. Осы бір берекелі мау­сым­да облыста тұңғыш рет са­ңырауқұлақ фестивалінің өткі­зі­луінде өзіндік тағылым бары анық. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы мерекелік шаралар аясындағы фестиваль жұмыспен қамту жөнін­дегі мемлекеттік бағдарламаны ел ішіне жақындата түскендей еді. – Табиғаты көркем Ақмола облысы оның сансыз ырызды­ғы­нан да кенде емес, – дейді елді елең еткізген шараны ұй­ым­дастырушы Ақмола облыс­тық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үй­лестіру басқармасының бас­ты­ғы Бақыт Есімова. – Өлке­міз­дегі өзін-өзі жұмыспен қам­ту­шы 3000-нан астам адам орман жеміс-жидектері мен саңырау­құ­лақ жинап, оны өңдеп, сатумен айналысады. Фестивальді ұйым­дас­тырудағы мақсатымыз – тұр­ғындарды шағын және орта бизнесті дамытуға шақырумен қатар, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек-қолдау жөнінде түсінік беру. Біз алдағы кезде осы тұрғыдағы шаралар жұртшылық тарапынан қолдау тауып, дәс­түрлі сипат алады деген сенімдеміз. Ал, бірінші шарамыздың символы болған саңырауқұлақ об­лысымыздың визиттік карта­сына айналмақ. Өйткені, өлке­міз­де оның тағамдық отыздан астам түрі өседі. Фестиваль барысында «Еуразия групп» ЖШС және «Туран Профи» халықаралық кәсіби ака­де­миясының маман­да­ры шебер-сыныптар өткізетін болады. «Астана – Бурабай» автома­гис­тралінің Бұланды орман­да­рын­дағы қос жақтауы мерекедегідей безендірілген. Шараны ұй­ым­­дастыруға ұйытқы болған Бұ­ланды және Еңбекшілдер аудан­дарының басшылығы 50 сауда нүктесін жабдықтап, киіз үйлерді де тігіп тастапты. Сахна төрінде көркемөнерпаздар үйір­ме­сінің концерті үздіксіз жал­ға­сын табуда. Арқан тарту, қол кү­ре­сі, зілтемір көтеру сияқты жа­рыс­тардың қызығы да бір төбе. Балғындарға базарлық ретінде об­лыстық бас­қарма үрмелі ат­трак­циондарды арқалап келгені қуа­нышты еселей түсті. Халық­тық қолөнер шеберлерінің көр­ме­сі тартымды әсер қалдырды. Фестивальдің басты шарасы: «Үздік саңырауқұлақ жинаушы», «Ең үлкен саңырауқұлақ», «Білгір отбасы», «Емдік шаралар» байқауларына жұртшылық ай­рық­ша ықылас білдірді. Қазылар алқасының талқысына саңы­рауқұлақ, орман жидектері мен бау-бақша өнімдерінің, балдың 68 түрі ұсынылды. Жұртшылық күткендей, бас жүлде – «Саңырауқұлақ оскарын» Макин қаласының тұрғыны Александр Костров жеңіп алды. Ол осы кәсіппен арнайы патент арқылы 20 жылдан бері отбасымен бірге айналысып келеді екен. Ал, Ең­бек­шілдер ауданының өкілдері арасында Ольга Шевцованың мерейі үстем болды. – Соңғы кездері бұл кәсіпке шынайы бетбұрыс байқалады, – дейді Еңбекшілдер ауданының әкімі Теміржан Хамитов. – Жаңа автобанның 40 шықырымдық жиегінде орналасқан Қаратал, Қо­ғам, Мәтен, Қарағай, Бұланды, Мақпал сияқты 18 ауылдың тұрғындары қосымша табыс көзін тауып отыр десек, артық айтқандық емес. Бизнестің түрлері де көбейе түсуде. Соның бірі – орман байлығын тұты­ну­шыға ұсыну. Бүгінгі шараға 20-дан астам өкіліміз қатысуда. Біз мұндай бастаманы қолдаймыз. Алдағы кезде арнайы қабылдау пункттерін ашу ниетіндеміз. Бұл күнгі ерекше шараға 1500 адамның қатысқандығы баста­маның баянды болатындығына сенім қалыптастырады. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.