Қазақстан мемлекеті Тәуелсіздіктің 20 жылдығын үлкен мәртебемен қарсы алғалы отыр. Егемен еліміздің әрбір жылы, айы мен күні тарихқа ізін қалдырғаны анық. Әрине, мемлекет болып қалыптасу мен нығаюдың жолы оның Негізгі Заңы – Конституциядан бастау алатыны ақиқат. Өйткені, заңы жоқ мемлекет ешқашан өмір сүрген емес.
Конституция – мемлекеттің ең жоғарғы заңдық күші бар, орталық және жергілікті органдардың құрылымы мен мәртебесін, азаматтар мен мемлекеттің қарым-қатынасын айқындайтын негізгі заңы. Конституция демократияның ең маңызды институттарының бірі, ол жалпыхалықтық қолдауға ие болды. Конституция жобасының қалай дайындалғаны туралы Президент Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысы» атты кітабында: «Жобаны талқылау үшін 11 сарапшы дайындадым. Кейде біз 12-14 сағат бас көтермей жұмыс жасадық. Іске зор жауапкершілікпен қарау, ешбір беделге бас ұрмау басты талабымыз болды. Жобаға сын көзімен қарауды, қайта-қайта талқылауды талап еттім. Мен жұмыс барысында қоғамның бір орында тұрмайтынын және оның сан қилы өзгерістерге көтерілетінін, кез келген мемлекетте шешімін табар құжаттар ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым... Әлемдік тәжірибеде Конституцияны құқық мамандарының аз ғана тобы жазып шыға алатынын көрсетті», – деп еске алады.
Конституция жобасын талқылауға 3 миллионнан аса адам қатысып, 33 мың ұжымдық жиналыстар өткізіліп, 3 мыңнан астам ұсыныстар жасалған. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін Конституцияның 55-бабына түзетулер енгізіліп, 1995 жылы 30 тамызда республика азаматтарының 90,5 пайызы қатысып, олардың 89 пайызы жаңа Конституцияны жақтап дауыс берді. Енді, міне, жақында авторы Қазақстан халқы болып табылатын Ата Заңымыздың қабылданғанына 16 жыл толды.
Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізілу арқасында 42-бапта: «Бiр адам қатарынан екi реттен артық республика Президенті болып сайлана алмайды. 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды», – делінген. Бұл, әрине, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне берілген зор сенім мен ықылас еді.
Мұндай өзгерістер өзімнің қызметіме тікелей қатысы бар «Жергілікті және мемлекеттік басқару», яғни VІІІ бөлімге де енгізілді. Атап айтсақ: мәслихат депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жылға ұзартылды, мәслихат өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату құқығы Парламент Сенатынан республика Президентіне берілді (86-бап); облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері тиісті мәслихаттардың келісімімен тағайындалатын болады, мәслихат депутаттарының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін болды ( 87- бап).
Осылардың негізінде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.
Ата Заңымыздың қалай және не үшін қабылданғаны туралы Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан халқы Конституцияға дауыс беру арқылы сол объективті тұрғыда орныққан президенттік басқару нысанын бекемдеп берді. Бұл таңдау кездейсоқ емес. Ол алдыңғы тарихымыз бен бүгінгі болмысымыздан қандай да бір әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарға немесе биліктің әртүрлі тармақтары арасындағы алауыздыққа байланысты ауытқушылыққа жол бермейтін қуаты топтасқан билік жүйесінің қажеттілігінен туындады», – деп жазды.
Аллаға шүкір, Ата Заң қабылданған уақыттан бері мамыражай тыныштық, берекелі, бейбіт өмір орнап келеді. Әлем экономикасын қамтыған ауыр дағдарыстан да біздің еліміз осы Ата Заңның әділдігі, Елбасымыздың көрегенділігі мен даналығы арқасында өтіп келеді. «Қазақстан билік құрылымдарын революциялық жолмен күйрете салуға бой ұрған жоқ. Реформаның сипатына және даму барысына орай бірте-бірте өзгертіліп, жаңа сапаға көтерілді. Әсіресе, мемлекетімізді қалпына келтіруіміздің эволюциялық сипаты басым болғанын ең үлкен табысымыз деп білемін», – деп Елбасымыз «Ғасырлар тоғысы» еңбегінде ерекше атап көрсетті. Бұл пікір өзінің өміршеңдігімен дәлелденді, революцияның айыр қалпақты ағайындарға немесе ереуілшіл украин халқына қарағанда өз өміріміздің тыныштығының кепілі – Негізгі Заң әрбір қазақстандықтың қорғаны мен қалқаны, арқа сүйер тірегі болып тұрғаны ақиқат.
Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің ұстанымы ретінде демократияның басты талабы – мемлекеттік билік пен оның органдары өздерін қалыптастырып һәм пейілдеріне беріліп отырған халықтың еркін білдіруге тиіс. Яғни, мемлекет халықтың еркін білдіріп, халыққа қызмет етуі тиіс. Қазіргі заманда әлемде өзін демократиялық ел деп санайтын мемлекеттердің конституциялық деңгейде ұстанатын тұжырымы да осы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Қазақстан халқына өз Ата Заңы бойынша тең құқық, өз тілдерінде сөйлеуге, өз діндерін ұстауға, төл мәдениеттерін дамытуға мүмкіндік берілген.
Нұрлан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Қызылорда облыстық мәслихатыныңхатшысы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы.

Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Қысқы Паралимпия ойындары: Ұлттық құрама тізіміне кімдер енді?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:20
Қызылордада анасына қол көтерген қатыгез 6 жылға сотталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:19
Қостанайдағы онкологиялық ауруханаға «Halcyon» желілік үдеткіші орнатылды
Медицина • Бүгін, 14:02
Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Банк • Бүгін, 13:35
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:15
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Медицина • Бүгін, 13:00
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Қоғам • Бүгін, 12:58
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
Қоғам • Бүгін, 12:51
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Оқиға • Бүгін, 12:40
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
Банк • Бүгін, 12:23
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Референдум • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Қазақстан • Бүгін, 12:02