17 Қыркүйек, 2011

Үнемшілдік оң үрдіске айналуы тиіс

515 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  палаталардың бірлескен отырысында Парламент алдында тұрған заң шығармашылық мін­дет­тің төрт блогын атап көрсеткен еді. Сол міндеттердің ішіндегі бірінші блокқа жататын электр қуатының шығыны 20 пайызға дейін барады дегенді Президент тектен-тек айт­қан жоқ. Шынтуайтына келгенде, біздің тұрғындар жылуды, суды және электр қуатын үнемдеуге үйренбеген. Соның салдарынан ел бойынша осыншама ысырапшы­лық байқалып отыр. Сондықтан да «Энергия үнемдеу және энер­гия­ның тиімділігін арттыру туралы» заң жобасын қабылдау – дұрыс бас­тама, қолдауға әбден лайықты идея. Қарапайым лампаларды энер­­гия үнемділеріне ауыстыру да осындай қажеттіліктен туындап отыр. Бұл қадам еліміз әл-ауқатының артып келе жатқанының бір көрінісі десе де болады. Сондай-ақ Елбасы «Инду­с­трия­лық-инновациялық қызметтерді мемлекеттік қолдау туралы» заң жо­басын қабылдау қажеттігін айт­ты. Аталған заңдық құжат Мәжі­ліс­ке келіп түсті де. Ендігі мәселе инновациялық үдерістерді ынта­лан­дыратын тетіктерді заңнамалық қамтамасыз ету болып табылады. Мен осы ретте «жобалық қаржы­лан­дыру» амалын дұрыс деп есептеймін. Өйткені мұндай тетік мемлекет қана емес, жекенің де қар­жы­сын жобаларды жүзеге асыруда жұмылдыруға мүмкіндік береді. Оның бір тиімді тұсы жобалардың жүзеге асырылу барысында қым­баттап кетпеуіне септігін тигізеді. Міне, осындай тиімді тетіктер заң жобасынан көрініс тапса деймін. Сонымен қатар, отандық кәсіп­орындардың пайдалы өнімдер шы­ғаруы, олардың шетелдерде са­ты­луы үшін барлық жағдайларды қа­рас­тыратын нормалар заңдық құ­жаттан орын табуы тиіс. Биылдың өзінде 200-дей кәсіпорын ашылса, солардың өнімдері шетелге шы­ға­тын­дай деңгейде болғаны жөн. Әри­не, олардың барлығының жұ­мысы қадағаланып отырғаны орынды. Қайрат ИЩАНОВ,Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.